2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 205
- Дата принятия
- 11.07.2006
- Показанная редакция
- 11.07.2006 · действующая 29421_337495.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 11.07.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZF000031
- Идентификатор ЭКБ
- 29421
- Идентификатор редакции
- 29421_337495
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:09
0 2006 жылғы 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасының және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Кенжеғалиев) 2006 жылдың сәуір-маусым жөне қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1979-1988 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда ақпарат тапсыру ұсынылсын.
2 2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының кұрамы № 1 қосымшаға сай бекітілсін.
3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлуі ұсынылсын.
4
4. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін Жәнібек ауылдық округ әкімі (Өтемісов) 3 техникалық қызметкерлер және шақырылушылар медициналық комиссия өтуі кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес кезекші автокөлік бөлсін.
5 5. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына:
1 1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз ету ұсынылсын;
2 2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
6 6. Аудандық аумақтық медициналық бірлестігі (Мұсағалиев):
1 1) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алуы ұсынылсын;
2 2) шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлуі ұсынылсын.
7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (Наурзалиев):
1 1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырылушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын;
2 2) әскери қызметке шақырылғандарды жинақтау пунктіне жөнелту орнына алып баратын автобустарды мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің қостауын ұйымдастыру ұсынылсын;
3 3) медициналық тексеруге уақытында немесе әскери міндеттіліктен жалтарған шақырылушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіне көмектесу ұсынылсын;
4 4) аудандық ішкі істер бөліміне алдын-ала тексеру және тергеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырылушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлауы ұсынылсын.
8 8. Мемлекеттік коммуналдық «Жолаушы» кәсіпорыны (Қапаев) әскерге шақырылушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобусты бөлу ұсынылсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ.Тарғыновқа жүктелсін.
18 Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
11 шілдедегі «2006 жылы 1979-1988
жылдары туған азаматтарды мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы» № 205
қаулысына №1 қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясының құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Утешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлешев Дулат Нәсіпқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы;
Карашин Рустем Серікұлы - аудан әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы – аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары;
Дауова Мансия Нариманқызы - аудандық аумақтық медицина бірлестігінің дәрігері;
Қойбағарова Күләш – аудандық аумақтық медицина бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.