Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗТүркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 2/11-IV
- Дата принятия
- 31.10.2007
- Показанная редакция
- 31.10.2007 · действующая 35773_324263.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 31.10.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07UD000043
- Идентификатор ЭКБ
- 35773
- Идентификатор редакции
- 35773_324263
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:52
0 Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 111 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы 2/10-IV шешіміне және Түркістан қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 6060 қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-ІII «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне
(Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-4-32 нөмерімен тіркелген, 2007 жылы 13 қаңтардағы «Түркістан» газетінде жарияланған); Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 09 ақпандағы № 34/235-ІІІ «Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-4-36 нѳмерімен тіркелген, 2007 жылы 28 ақпанында «Түркістан» газетінде № 17 жарияланған); Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 мамырдағы № 37/260-ІІІ «Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-4-39 нѳмерімен тіркелген, 2007 жылы 09 маусымында «Түркістан» газетінде № 43 жарияланған); Түркістан қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 40/282-III «Түркістан қалалық мәслихатының 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 33/215-III «2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 14-4-41 нөмерімен тіркелген, 2007 жылы 11 тамызда «Түркістан» газетінде № 61 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 - тармақта 1 -тармақшадағы:
1) кірістер «5 970 550 мың теңге» деген сандар «5 901 120 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
салықтық түсімдер - «958 714 мың теңге» деген сандар «934 471 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер - «4 386 мың теңге» деген сандар «3 629 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - «249 999 мың теңге» деген сандар «274 999 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері - «4 757 451 мың теңге» деген сандар «4 688 021 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын;
1 - тармақта 2-тармақшадағы;
2) шығындар - «5 922 331 мың теңге» деген сандар «5 852 901 мың теңге» деген сандармен ауыстырылсын.