2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
ҚАЗ2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 56
- Дата принятия
- 20.04.2006
- Показанная редакция
- 20.04.2006 · действующая 27861_302713.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.04.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06ZL000026
- Идентификатор ЭКБ
- 27861
- Идентификатор редакции
- 27861_302713
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:33
0 2006 жылғы Теректі ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармақшасы мен 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» №836 қаулысын орындау, сонымен қатар мекемелермен ұйымдардан түскен сұраныстары мен ұсыныстарға байланысты қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі №1 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Теректі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 23 наурыздағы «Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңын іске асыру туралы» №39 қаулысы жойылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Төлегенов Мұсағали Орынғалиұлына жүктелсін.
5 Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Аудан әкімдігінің
2006 ж. 20.04 № 56
қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Аудан бойынша аудандық бюджет есебі арқылы қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
1 1. «Селолық округ әкімдерінің аппараттары» мемлекеттік мекемесі
2 2. «Теректі ауданының Мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны «Луч»
3 3. «Теректі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
4 4. «Теректі ауданының салық комитеті
5 5. Теректі ауданының әділет басқармасы
6 6. Теректі ауданының ішкі істер бөлімі
7 7. Теректі ауданының соты
8 8. Аймақтық мемлекеттік мекемесі «Жылжымайтын мүлік орталығы»
9 9. Теректі ауданының прокуратурасы
10 10. Теректі ауданының мұрағаты
16 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
Аудан әкімдігінің
2006 ж. 20.04 № 56
қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен еңбек ақы көлемі
№
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Еңбек ақы, теңге (айына)
1
Аумақты көгалдандыру, көркейту және тазалау, саябақтар шаруашылығын сақтау және дамыту жұмыстарына көмектесу.
Көмек көрсету:
Республикалық және облыстық компаниялар өткізуге (қоғамдық пікірлерді сұрау, санақ жүргізу), жергілікті тұрғындардан салықтар жинау кезінде хабарлама тасуға, жарыстар мен фестивальдар өткізуге, ағымды жөндеуге, тарихи-сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, лагерь аумағын жинастыруға, малдар мен өсімдіктерді зиянкестер мен ауруларға қарсы мерзімі ішінде жаппай тексеруден өткізуге, уақытша және маусымдық жұмыс мезгілінде және қызметтің өзге түрлеріне
9200
2
Көмекші жұмысшылар болуға:
құрылыс, жолдарды жөндеу және қалпына келтіру, әлеуметтік - мәдени мақсаттағы объектілерді күрделі жөндеу, қарттар мен І, II топтағы мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеуден өткізу жұмыстарына.
9200