Перейти к тексту документа

Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Положение · № 8-2 · принят 22.10.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 22.10.2008
https://adilet.kz/ru/laws/2007-11-no30-8/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Утратил силу Положение ·№ 8-2 ·22.10.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗАқжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Утратил силу Положение ·№ 8-2 · принят 22.10.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Наименование (каз.)
Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Вид акта
Положение
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
8-2
Дата принятия
22.10.2008
Показанная редакция
22.10.2008 · действующая 42289_315583.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.10.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZB000061
Идентификатор ЭКБ
42289
Идентификатор редакции
42289_315583
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:43

0 Ақжайық ауданы мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 «Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аудандық мәслихаттың «Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 11 сәуірдегі №30-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-2-40 тіркелген 2007 жылғы 12 мамырдағы «Жайық таңы» газетінде жарияланған ), аудандық мәслихаттың шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта «Ережесін», «Ережесі» деген сөздер «Қағидасын», «Қағида» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ережесінде:
«Ережесі», «Ереже», «Ережедегі», «Ережесін», «Ережелердің» деген сөздер «Қағидасы», «Қағида», «Қағидағы», «Қағидасын», «Қағиданың» деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ҚАҒИДАСЫ

Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 22 қазандағы
кезектен тыс VII сессиясының
№ 8-2 шешімімен бекітілген
Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау ҚАҒИДАСЫ

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 387-бабы негізінде әзірленді.

2 2. Елді мекендерде сұйық және қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, оларды белгіленген орындарға шығару, залалсыздандыру жұмыстарының тиімді жүйемен ұйымдастырылып, олардағы тазалық және көріктендіру іс-қимылдары осы Қағида талаптарының негізінде жүзеге асырылады.

3

3. Осы қағида елді мекендерде санитарлық тазалау жүйесін-(соның ішінде тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардан, сауда, қоғамдық тамақтандыру, мәдени - тұрмыстық объектілерден шығарылатын тағам қалдықтарынан) қалдықтар мен қоқыстардан тазарту, жиналған қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға шығару және оларды залалсыздандыру жұмыстарын қамтиды.

2 2. Осы Қағидағы негізгі ұғымдар мен түсініктер.

4 4. Жалпы пайдалану орындары-демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, және т.б.

5 5. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздықтарды жинау, шығару.

6 6. Іске асыру сипатындағы құрылғылар-демалу орындары, дүнгіршектер, сауда арбалары, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары және басқалар.

7 7. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі -К.Т.Қ.) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.

8 8. Пәтер иелері-ғимараттар мен орын жайлардың иелері; жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.

3 3. Жалпы талаптар.

9 9. Тұрғын үйлер, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілік үйлері, түрлі кәсіпорындар ғимараттары мен оларға бекітілген жерлер, көшелер, саяжайлар мен қоғамдық пайдаланудағы алаңдар, демалыс орындары, көп қабаты үйлердің айналалары мен дәліздері - тазалық объектілері болып саналады.

10

10. Үйлердің маңайына қоқыстар мен қалдықтарға арналған қақпақты су кірмейтін контейнерлер орнатылады немесе ол мүмкін болмаған жағдайларда шұңқырлар қазылып, олардың ауыздары жабылып бекітіледі. Қоқыстар мен қалдықтар жинауға арналған ыдыстар мүмкіндігіне қарай оларды белгіленген жерлерге шығаратын автокөліктердің кіріп-шығуына ыңғайлы жерлерге орналастырылады.

11 11. Өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жинау, елді мекендерді олардан тазарту және оларды шығару тәртібі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұсынысына сәйкес белгіленеді.

12 12. Жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлердің маңайындағы қоқыстар үйлер пайдалануға берілу мерзіміне дейін тазартылып шығарылады.

13 13. Қалдықтар мен қоқыстарды олар үшін белгіленбеген жерлерге шығаруға тиым салынады. Қоқыстар мен қалдықтар арнайы белгіленіп жасақталынған орындарға шығарылады және оларды шығару кездерінде техника, өрт қауіпсіздігі сақталынады.

4 4. Елді мекендер аумағын көріктендіру және санитарлық тазалау.

14 14. Ауданның мемлекеттік, қоғамдық және басқа да кәсіпорындары, ұйымдар мен мекемелері, лауазым иелері, тұрғын үйлердің тұрғындары елді мекендерді көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында төмендегі талаптарды орындайды.

1 1) Құрылыс әлеуметтік тұрмыстық және мәдени объектілерді тұрғын үй шарбақ-аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен қорғау қағидасына сәйкес ұстау.

2 2) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің атауларын жазып маңдайшаларын дұрыс безендіру.

3 3) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз мекендері орналасқан жердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай тазалықты үнемі сақтау.

4 4) өздерінің аумағын көріктендіруді ұйымдастыру.

5 5) әрбір жеке үй, пәтердің иесі өзінің үй-пәтерінің көше жақ емес бетінде ауыл округі әкімшілігімен келіскен тұрмыстық қатты /тамақ қалдықтарынан басқа/ қалдықтар жинайтын алаңша жабдықтау.

6 6) тұрғын үй-жайларды иелері бұзып алатын жағдайда бұзылған үй мен қосымша құрылыстардың орнын тазалап келтіру.

15 15. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегіше тиым салынады.

1 1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз өз бетімен дүңгіршектер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалқандарын салу мен ілуге, аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге және бетіне құрылыс /дәретхана, құдық т.б./ салуға.

2 2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына, бөгет жыраларға көң қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге.

3 3) қоқысты, көңді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өз бетімен лақтырып шашуға.

4 4) жергілікті атқару органдарының рұқсатынсыз ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бұзуға, жерді қопарып саман тас соғуға.

5 5. Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту санитарлық тазарту, тазалық сақтау қағидасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.

16 16. Осы Қағиданың талаптарын бұзғандар үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.