Перейти к тексту документа

2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы

Постановление · № 63 · принят 19.04.2007
Юридическая сила: Действует · редакция от 19.04.2007
https://adilet.kz/ru/laws/2007-1989-1980/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы Действует Постановление ·№ 63 ·19.04.2007

2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы

ҚАЗ2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы

Действует Постановление ·№ 63 · принят 19.04.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Наименование (каз.)
2007 жылдың сәуір-маусым айларында 1989-1980 жылдар аралығында туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
63
Дата принятия
19.04.2007
Показанная редакция
19.04.2007 · действующая 33069_339940.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
19.04.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07ME000041
Идентификатор ЭКБ
33069
Идентификатор редакции
33069_339940
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 15:46

0 2007 жылдың сәуір-маусым айларында

1989-1980 жылдар аралығында туған
азаматтарды мерзімді әскери қызметке
шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы»заңдарына және Қазақстан республикасы Президентінің 2007жылғы 17сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР-ның азаматтарын 2007жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» №318 Жарлығына сәйкес 1989-1980жылы туған азаматтарды,шақыру күніне 18 жасқа толған және27жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру өткізуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1989-1980 жылы туған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2007жылдың сәуір айы мен маусым айының 30-аралығында жүргізілсін.

2 2. Шақыру пункті аудандық істері жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылып ,комиссия құрамы бекітілсін.

3 3. Әскерге шақырушыларды Қазақстан республикасы Қарулы күштерінің түрлеріне қарай алдын-ала бөлуге ,дәрігерлік байқаудан өткізуге комиссия құрамы бекітілсін

4 4. Село әкімдері және ұйымдардың басшылары. Көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғаны белгіленген мерзімде келуін қамтамассыз етсін .

5 5. «Маңғыстау аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Ұ.Жақсылықоваға келісім бойынша , «Маңғыстау аудандық ауруханасы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері Б. Байназаровқа келісім бойынша төмендегі қызметтерді іске асыру ұсынылсын.

1989-1980 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізу комиссиясына тәжірбиесі мол маман-дәрігерлерді қатыстыру.
2007жылдың сәуір айынан бастап 30маусымға әскерге шақырылушы азаматтардың флюорографиядан.электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын ,қан құрамын айыруын қамтамасыз ету.
Шақыру комиссиясының маман-дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен рентгенпленкамен,флюорография,электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету.
Шақыруға жататын азаматтарды дәрігерлік куәландыруды жүзеге асыру үшін тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп , флюорографиялық байқаудан ,денсаулық жағдайын сипаттайтын ауру тарихының көшірмесін дәрігерлік амбулаториялық және станционарлық тексеруден өткізуді жүзеге асыру.

6 6. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамассыз ету ,әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және қажетті сандағы ішкі істер қызметкерлерін бөлу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Б Ақшауовқа келісім бойынша ұсынылсын.

7 7. 2007 жылғы маусым айының 27-не дейін аудан әкімияты қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат түсіру аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Б.Қуанбаевқа келісім бойынша ұсынылсын .

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.

9 9. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Аудан әкімиятының 2007 жылғы

19 сәуірдегі № 63 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
Азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыру жөніндегі комиссия құрамы
Қуанбаев Бердіхан Аралбайұлы – комиссия ьөрағасы,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Жонасов Лазым Наурызғалиұлы – комиссия төрағасының орынбасары ,
аудан әкімі аппаратының бас маманы
Мүшелері:
Есбергенова Баян Құрманшынқызы - аудандық емхананың дәрігері, медициналық
комиссия төрайымы (келісім бойынша)
Кесікбаева Қымбат Пәтербайқызы - аудандық емхананың медбикесі, шақыру
комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)
Сұлтанов Білімғали Алуадинұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)

11 Аудан әкімиятының 2007 жылғы

19 сәуірдегі № 63 қаулысымен бекітілген
2 қосымша
Дәрігерлік байқаудан өткізуге (куәлік етуге) тиісті комиссия құрамы
Ақжанов Жеңіс -дерматовенеролог
Байжанова Баян –жүйке аурулары дәрігері
Есбергенова Баян –аға дәрігер
Жармағанбетова Бөбек -құлақ, тамақ аурулар дәрігері
Құрамшин Мақсат - оташы
Мұқанова Орынгүл - психиатр
Сейтмағанбетова Гүлмира –фтизиатр
Сарсенбаев Аязбай -рентгенолог
Сүйетбаев Қыстаубай –тіс дәрігері
Төлемісова Сәулет –іш құрылысы ауруларының дәрігері
Джарджанова Айгүл -көз дәрігері