2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
ҚАЗ2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 09.01.2007
- Показанная редакция
- 09.01.2007 · действующая 31857_302669.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 09.01.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07UC000036
- Идентификатор ЭКБ
- 31857
- Идентификатор редакции
- 31857_302669
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:16
0 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1990 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңынын 17-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1990 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне әскери тіркеуге алуды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізу үшін, мына төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сейтметова Айсұлу Мараимқызы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Нақыпов Молдабай Зайырұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша);
Қалмұрзаев Сәрсен Рахымшаұлы - қалалық орталық аурухананың лор дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша);
Жүсіпова Гүлнәр Рәтбекқызы - комиссия хатшысы (келісімі бойынша).
Қалалык денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Ә.Т - келісімі бойынша).
2 2. Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
1 1) қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
2 2) шақыру учаскелеріне тіркелетін жасөспірімдердің және әскерге шақырушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын кұрып, бекіту;
3 3) медициналык куәландыруға қатысушы дәрігерлерді еңбек орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жіберуді ұйымдастыру;
4 4) әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
3 3. Кентау қалалық электр жүйелері мекемесіне (Саменов Исабек - келісімі бойынша):
Әскери тіркелу жүргізу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. Қалалық білім беру бөлімінің бастығына (Б.Зейдуллаұлы), № 7 кәсіптік-техникалык мектептің директорына (Адыршаев С.А - келісімі бойынша),
Кентау көпсалалы колледж директорына (Әбдірахманов С.Т - келісімі бойынша) қала оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден ұйымшылдықпен өткізуге жәрдем жасау ұсынылсын.
5 5. Елді мекен және ауыл әкімдері шақыру учаскелерінде тіркелуге тиісті
жасөспірімдер тізімін 2007 жылдың қаңтарына қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын және кесте бойынша әскерге тіркелу орнына уақтылы келуін қамтамасыз етсін.