2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
ҚАЗ2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 1
- Дата принятия
- 03.01.2007
- Показанная редакция
- 03.01.2007 · действующая 31782_345778.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 03.01.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07NF000051
- Идентификатор ЭКБ
- 31782
- Идентификатор редакции
- 31782_345778
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:17
0 2007 жылы атқарылатын ақылы
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
1 1. 2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстар қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
2 2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрлері мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.
3 3. «Аманкелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.
4 4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
5 5. «Аман-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінген жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын (келісім бойынша).
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
7 2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
қосымша
2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы
қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Кв. м. - шаршы метр
М. куб - текше метр
Тн - тонна
П. м. - қума метр
Км - шақырым