Аудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
ҚАЗАудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 17
- Дата принятия
- 01.03.2007
- Показанная редакция
- 01.03.2007 · действующая 32500_327728.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 01.03.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZM000046
- Идентификатор ЭКБ
- 32500
- Идентификатор редакции
- 32500_327728
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:00
0 Аудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі құрылсын (№1 қосымша).
2 2. Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың турлері бекітілсін (№2 қосымша).
3 3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі бекітілсін (№ 3 қосымша).
4 4. Селолық округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына осы қаулыдан туындайтын шараларды орындау ұсынылсын.
5 5. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бекжанов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып, ақылы коғамдық жұмыстарды келісім - шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.
6
6. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 шілдедегі № 155 «Аудан бойынша 2006 жылы төлемді коғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының әділет басқармасында 2006 жылы 8 тамызда тіркелген, тіркеу № 7-13-28, аудандық «Серпін» газетінің 2006 жылғы 30 тамыздағы № 36 (925) санында жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.
8 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «1» наурыздағы № 17 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі
Нысандардың аттары
Адам саны
1
Ащысай селолық округі әкімі аппараты
25
2
Алмаз селолық округі әкімі аппараты
25
3
Ақбұлақ селолық округі әкімі аппараты
20
4
Белогор селолық округі әкімі аппараты
20
5
Қарағаш селолық округі әкімі аппараты
25
6
Қызылкөл селолық округі әкімі аппараты
25
7
Лубен селолық округі әкімі аппараты
20
8
Полтава селолық округі әкімі аппараты
15
9
Шығырлау селолық округі әкімі аппараты
125
Барлығы
300
9 Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «1» наурыздағы № 17 қаулысымен бекітілген № 2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері
1 1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару;
2 2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу;
3 3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру;
4 4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу;
5 5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру;
6 6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету;
7 7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;
8 8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау;
9 9. Түрлі пайдаңыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруды ұйымдастыру;
10 10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету.
20 Коғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы «1» наурыздағы № 17 қаулысымен бекітілген № 3 қосымша
Коғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі
1 1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен каржыландылады.
2
2. Коғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері Шыңғырлау ауданының енбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келсім - шартта коғамдық жұмыстарға жіберілетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы сомасы белгіленеді.