Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 69
- Дата принятия
- 30.03.2010
- Показанная редакция
- 30.09.2010 · действующая 51704_201352.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.09.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10ZK000118
- Идентификатор ЭКБ
- 51704
- Идентификатор редакции
- 51704_201352
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 08:41
0 Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы № 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1 1) осы қаулымен бекітілген 12 қосымшасының 3-тармағы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"БҚО Тасқала аудандық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы N 12-4 шешімімен бекітілген "Тасқала ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы шешімі.";
2 2) 12 тармағының 6-тармақшасының 3 абзацы "жұбайларына" деген сөздерден кейін "қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
3 3) 14 абзацы мынадай жаңа редакцияда баяндалсын:
"Амбулаториялық ем қабылдап жүрген сүйемелдеу кезеңіндегі өкпе ауруларына сүйемелдеу кезеңінде жүргені туралы Тасқала аудандық орталық ауруханасының анықтамасы.";
4 4) 12 тармағы мынадай жаңа абзацпен толықтырылсын:
"Тыл еңбеккерлері үшін 1941-1945 жылдары жұмыс істегенін растайтын құжат.".