Перейти к тексту документа

Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Постановление · № 31 · принят 30.01.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 30.01.2008
https://adilet.kz/ru/laws/2008-ekb-38182/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 31 ·30.01.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

ҚАЗАудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 31 · принят 30.01.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
31
Дата принятия
30.01.2008
Показанная редакция
30.01.2008 · действующая 38182_327849.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
30.01.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZM000066
Идентификатор ЭКБ
38182
Идентификатор редакции
38182_327849
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:07

0 Аудан бойынша 2008 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі құрылсын (№ 1 қосымша).

2 2. Ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (№ 2 қосымша).

3 3. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі бекітілсін (№ 3 қосымша).

4 4. Селолық округ әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына осы қаулыдан туындайтын шараларды орындау ұсынылсын.

5 5. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бекжанов) жұмыс берушілермен бірлесе отырып ақылы қоғамдық жұмыстарды келісім-шарт негізінде ұйымдастыру тапсырылсын.

6 6. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 1 наурыздағы № 17 «Аудан бойынша 2007 жылы төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (аудандық әділет басқармасында 2007 жылы 20 наурызда тіркелген, тіркеу № 7-13-46) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.

8 8. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін күшіне енеді.

9 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 31
қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі

Нысандардың аттары
Адам саны
1
Шыңғырлау аудан әкімі аппараты
3
2
Ащысай селолық округі әкімі аппараты
30
3
Алмаз селолық округі әкімі аппараты
30
4
Ақбұлақ селолық округі әкімі аппараты
25
5
Белогор селолық округі әкімі аппараты
20
6
Қарағаш селолық округі әкімі аппараты
30
7
Қызылкөл селолық округі әкімі аппараты
30
8
Лубен селолық округі әкімі аппараты
25
9
Полтава селолық округі әкімі аппараты
15
10
Шыңғырлау селолық округі әкімі аппараты
91
11
Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімі
2
12
Шыңғырлау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша)
8
13
Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
3
14
Шыңғырлау ауданының психологиялық-педагогиалық түзеу кабинеті (келісім бойынша)
3
15
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі
2
16
Шыңғырлау ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесі (келісім бойынша)
4
17
Шыңғырлау ауданының тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
4
18
«Шыңғырлаукомтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша)
10
Барлығы
335

10 Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 31
қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері

1 1. Елді-мекендердің санитарлық тазалықтарын сақтау, күл-қоқыстарын шығару;

2 2. Тұрғын үй, әлеуметтік сала объектілерін салу және жәй жөндеу жұмыстарына көмектесу;

3 3. Елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, мекеме кәсіпорын аумағын күтіп ұстау, қоршаған ортаны экологиялық жағынан сауықтыру;

4 4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандық жұмыстарды өткізу, халық санағын өткізу, әскерге шақырушылардың есебін алу;

5 5. Аудан бойынша иесіз қалған өндірістік объектілерді, ғимараттарды бақылауға алу, күзет жұмыстарын ұйымдастыру;

6 6. Мектептерде оқушыларға ыстық тамақ беруіне байланысты қосымша көмек көрсету;

7 7. Бұлақ көздерін ашып тазарту, өзен-көлдерді қоқыстардан тазарту және ауыз су құдықтарын санитарлық талапқа сай тазартып ұстау;

8 8. Шаруашылықтардағы орман ағаштарын сақтау;

9 9. Түрлі пайдасыз қалдықтарды жоюға, залалсыздандыруды ұйымдастыру;

10 10. Елді-мекендерде орналасқан әлеуметтік мекемелерге уақытша еден жуу, күзет ұйымдастыруға көмек көрсету.

21 Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
30 қаңтардағы № 31
қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша
Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің Ережесі

1 1. Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджеттен және жұмыс берушілердің сұранысы бойынша олардың есебінен қаржыландырлады.

2

2. Қоғамдық жұмыстарды нақты қаржыландыру көлемі мен көздері Шыңғырлау ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және мекемелермен жасалған үлгілік шарт негізінде анықталады. Келісім шартта қоғамдық жұмыстарға жіберлетін жұмыссыздардың саны және оларға төленетін еңбекақының жалпы суммасы белгіленеді.

3 3. Қоғамдық жұмысқа қатысқаны үшін жұмыссыздарға нақты атқарған жұмысына қарай еңбек ақы тағайындалады, ол Республика бойынша белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

4 4. Жұмыссыздардың көлеміне, сапасына байланысты, құрылыс салу, күрделі жөндеу жұмыстарына төменгі жалақыға қосымша 50 пайыз мөлшелерінде үстемеақы төленеді.

5 5. Атқарылған жұмысқа берушінің қабылдау актісі толтырылып ай сайын Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылады.

6 6. Ақылы қоғамдық жұмыс белгілі бір мерзімге және төлеміне қарай ұйымдастырылатын уақытша жұмыс болғандықтан ақылы қоғамдық жұмысқа қатысу уақытша әрбір жұмыссыз үшін 6 айдан аспауы тиіс.

7 7. Жұмыс берушілер коғамдық жұмысқа жолдамамен жіберілген әрбір жұмыссызбен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексіне» сәйкес екі жақты жеке келісім-шарт жасалады және соның негізінде бұйрық береді немесе өкім шығарып жұмысқа алады.

8 8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдаунан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуді қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс беруші жүргізеді.

9 9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын селолық округ әкімдері, мекеме басшылары әр айдын 20-на атқарылған жұмыстар туралы мәліметтерді Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.