Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
ҚАЗЕскелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
- Наименование (каз.)
- Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 7-36
- Дата принятия
- 21.12.2007
- Дата введения в действие
- 01.01.2008
- Показанная редакция
- 21.12.2007 · действующая 38474_356773.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 21.12.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07DI000046
- Идентификатор ЭКБ
- 38474
- Идентификатор редакции
- 38474_356773
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 14:31
0 Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 80 бабының 2 тармағы және 85 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес Ескелді ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ескелді ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес төмендегідей көлемдерде бекітілсін:
1 1) кірістер- 1535703 мың теңге,
соның ішінде:
салықтық түсімдер - 55510 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 11707 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 11997 мың теңге.
Ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1456489 мың теңге,
соның ішінде:
нысаналы даму трансферттері - 172801 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттері - 58717 мың теңге;
субвенңиялар - 1224971 мың теңге;
2 2)шығындар - 1535703 мың теңге;
3 3)операциялық сальдо 0 теңге
2 2. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте төмендегідей түсімдер
көзделсін:
1 1)меншікке салынатын салық;
2 2)жер салығы;
3 3)көлік құралдарына салынатын салықтар;
4 4)бірыңғай жер салығы;
5 5)акциздер;
6 6)табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
7 7)кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алым;
8 8)мемлекеттік баж;
9 9)мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
10 10)мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кipicтep;
11 11)мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен ұсталынатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
12 12)басқа да салықтық емес түсімдер;
13 13)жерді сату;
14 14)облыстық бюджеттен түсетін трансферттер.
3 3. Облыстық бюджеттен аудандық бюджетке 2008 жылға арналған субвенция мөлшері жалпы 1224971 мың теңге сомасында берілетіндігі белгіленсін.
4 4. Аудан бюджетінде келесідей нысаналы даму трансферттері көзделгендігі ecкерілсін:
инженерлік коммуникаңиялық инфрақұрылымды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 60 млн теңге және облыстық бюджеттен 13994 мың теңге;
тұрғын үй салуды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 31846 мың теңге және облыстық бюджеттен 12 млн теңге;
мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа оқытуды дамытуға 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен 694 мың теңге.
5 5. Қарастырылған облыстық бюджеттегі аудан бюджетінде келесідей нысаналы транферттер ескерілген:
табысы аз отбасыларына 18 жасқа дейін балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге - 3300 мың теңге;
лингафондық және мультимедиялық кабинет сатып алуға - 5582 мың теңге; физика, химия және биология кабинеттерін оқу-жабдықтарымен жарақтандыруға - 7022 мың теңге;
интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге - 28077 мың теңге.
6 6. Аудандық бюджетті жұмсауға төмендегідей қаржы қарастырылсын:
1 1)жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсетуіне 107171 мың теңге;
2 2)қорғанысқа 132 мың теңге сомасында;
3 3)білім беру мекемелеріне 1059377 мың теңге;
4 4)әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға 88047 мың теңге;
5 5)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 154038 мың теңге;
6 6)мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 60236 мың теңге;
7 7)ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына 9682 мың теңге;
8 8)өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне 6521 мың теңге;
9 9)көлік және коммуникацияға 32516 мың теңге;
10 10)басқа да жергілікті органдарына 17983 мың теңге сомасында.
7 7. Аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімінің 2008 жылға арналған резерві 12460 мың теңге сомасында бекітілсін.
8 8.№ 2 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджеттік ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізімі бекітілсін.
9 9.№ 3 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларының тізімі бекітілсін.
10 10.№ 4 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізімі бекітілсін.
11. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық экономика және
бюджеттік жоспарлау
бөлімнің бастығы
Жұмабек Әбдіұлы Жұбанов
21.12.2007ж.