Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗҚазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 366
- Дата принятия
- 05.08.2010
- Показанная редакция
- 18.10.2011 · действующая AI54487_1.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 18.10.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10UF000115
- Идентификатор ЭКБ
- 54487
- Идентификатор редакции
- AI54487_1
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 07:36
0 Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 372 "Аудандық коммуналдық меншік туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және «Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 187 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2027 санымен тіркелген) негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Аудандық коммуналдық меншік туралы» Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі № 372 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-80 болып тіркелген, «Қазығұрт тынысы» газетінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 57 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағында:
2-тармақшасы «жайларды» деген сөзден кейін «бір айдан аспайтын мерзімге» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беру жөніндегі нұсқаулықта:
16-тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кепілдік жарна жалға берілетін объектінің бастапқы бағасынан 10 пайыз мөлшерде есептеледі»;
көрсетілген нұсқаулықтың қосымшасы келесі мазмұндағы 6-абзацпен толықтырылсын:
«Аудандық коммуналдық білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру үшін бір шаршы метрге айына - 100 (жүз) теңге».