Перейти к тексту документа

2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Постановление · № 45 · принят 24.12.2008
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 10.10.2014
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-43862/
Напечатано 2026-08-28 · adilet.kz
2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 45 ·24.12.2008
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 45 · принят 24.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
45
Дата принятия
24.12.2008
Показанная редакция
10.10.2014 · действующая 43862_217704.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
10.10.2014
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08ZG000079
Идентификатор ЭКБ
43862
Идентификатор редакции
43862_217704
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:15

0 2009 жылы Зеленов ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. "Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін өткізу ұсынылсын.

2

2. "Зеленов ауданының орталық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына және "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2009 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.

4 4. Ауыл округтерінің әкімдеріне, кәсіпорын және мекеме басшыларына азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуден өту үшін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз етуге қажетті шаралар алу ұсынылсын.

5 5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.