Перейти к тексту документа

2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Постановление · № 59 · принят 10.02.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 01.01.2010
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-44417/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Действует Постановление ·№ 59 ·10.02.2009

2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

ҚАЗ2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Действует Постановление ·№ 59 · принят 10.02.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
59
Дата принятия
10.02.2009
Показанная редакция
01.01.2010 · действующая AI44417_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.01.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09UC000068
Идентификатор ЭКБ
44417
Идентификатор редакции
AI44417_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:48

0 2009 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).

2 2. Қалалық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р.Т.Қожабекова) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылы қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 1 айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.

4 4. Қалалық қаржы бөлімі (Ә.А.Усманбетова) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қарастырылған қаржыны бекітілген қаржы жоспарына сәйкес уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Д.Алимановқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

7 Кентау қаласы әкімдігінің

2009 жылғы 10 ақпандағы
N 59 қаулысымен бекітілген
2009 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі

р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны адам
1
Хантағы ауыл әкімі аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
2
Байылдыр ауыл әкімі әкім аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
20
3
Қарнақ ауыл әкімі аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
4
Ащысай ауыл әкімі әкім аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
5
Қалалық білім беру бөлімі
Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. "Жазғы демалыс", "Мектептерге қамқорлық", "Кітапқа екінші өмір" пилоттық жобалар бойынша.
9
6
Ш. Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы.
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу.
10
7
Ішкі істер бөлімі
"Тәртіп", "Сақшы", "Консьерж бақылаушы" пилоттық жобалары. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
25
8
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету және аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
350
9
Ішкі саясат бөлімі
Жастармен жұмыс жасауды ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
10
10
Құрылыс бөлімі
Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу "Кұрылыс бригада" пилоттық жоба бойынша.
5
11
Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
"Мүгедек балалар", "Естелік" пилоттық жобалар. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
15
12
Дене шынықтыру және спорт бөлімі
"Жазғы демалыс" пилоттық жоба, әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
6
Барлығы
540
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2009 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.