Перейти к тексту документа

2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Постановление · № 4-672 · принят 22.04.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 29.12.2009
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-46141/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Утратил силу Постановление ·№ 4-672 ·22.04.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Утратил силу Постановление ·№ 4-672 · принят 22.04.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
4-672
Дата принятия
22.04.2009
Показанная редакция
29.12.2009 · действующая 46141_203790.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.12.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DJ000093
Идентификатор ЭКБ
46141
Идентификатор редакции
46141_203790
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:20

0 2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-шi тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын iске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу Тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк жұмыс орындарын құру туралы келiсiм-шарттарды жасау "Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" Мемлекеметтiк Мекемесiне уәкiлеттi етiлсiн.

3 3. Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Мемлекеттiк Мекемесi (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):

1 1) 2009 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыссыздар есебiнде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберсiн.

2 2) жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына төлеген шығындарының бөлiгi ай сайын ең төмен еңбек жалақысы мөлшерiнде белгiленiп, жұмыссыздардың есеп шоттарына Қазпошта арқылы аударылсын.

4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Дуйшенбаева Лаззат Балиқанқызы) жұмыссыз азаматтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарының төлем ақысына ақшалай қаржыны мерзімінде бөлуді қамтамасыз етсін.

5

5. Iле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 19 желтоқсандағы "2008 жылы Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 13-13414-шi қаулысы 2008 жылы 24 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiне N 2-10-68 болып енгiзiлген, 2008 жылы 8 ақпанда "Iле таңы" газетiнiң N 5 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшiн жойсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

10 Iле ауданы әкiмдiгiнiң

2009 жылғы 2009 жылғы
22 сәуірдегі N 4-672
"2009 жылы Iле ауданы
бойынша әлеуметтiк жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы" қаулысына
қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушiлердi iрiктеу
ТӘРТIБI

1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындары жұмыс берушiлер мен уәкiлеттi органдар арасында келiсiм - шарт негiзiнде, жұмыссыздардың мақсатты топтары үшiн құрылады, жұмыс берушiлерге жұмыссыздарға төленген еңбек ақы шығындарының бөлiгi өтеледi.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу төмендегi өлшемдер арқылы iске асырылады:

1 1) әлеуметтiк жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға арнайы арналған болуы тиiс;

2 2) әлеуметтiк жұмыс орындары уақытша жұмыс орны болып табылады, оларды ұйымдастыру үшiн тұрақты және бос жұмыс орындары қолданылмайды;

3 3) жұмыс берушiлердiң жұмысты икемдi кесте арқылы және жартылай жұмыс күнiн белгiлеп ұйымдастыруына мүмкiндiгi бар;

4 4) әлеуметтiк жұмыс орындары әлеуметтiк жағынан тиiмдi де пайдалы болуы керек.