Перейти к тексту документа

2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Постановление · № 108 · принят 01.06.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 30.06.2010
https://adilet.kz/ru/laws/2009-ekb-46546/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 108 ·01.06.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

ҚАЗ2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 108 · принят 01.06.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Наименование (каз.)
2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
108
Дата принятия
01.06.2009
Показанная редакция
30.06.2010 · действующая AI46546_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
30.06.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09VQ000104
Идентификатор ЭКБ
46546
Идентификатор редакции
AI46546_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 10:59

0 2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)- тармақшасына және Ұлан аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 13 ақпандағы № 97 «2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 86 шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-97 болып 2009 жылдың 24 ақпанында тіркелген, 2009 жылғы 7 наурыздағы № 10-11 сандарында «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. 2009 жылдың 15 мамырындағы № 75 «2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Ұлан аудандық әкімдігінің қаулысының күші жойылсын.

3 3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.

5 2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық

Аудан әкімдігінің
01 маусымдағы 2009 жылғы
№ 108 қаулысымен бекітілген
2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен
марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2
дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы
аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын
кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы
материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі-көп балалы аналар) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды.

2 2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек Ұлан ауданында тұратын және Ұлан аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушы азаматтарға беріледі.

2 2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекті тағайындау

3 3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек «Ұлан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-Бөлім) жылына бір рет, өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:

1 1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке басын растайтын құжат;

3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

4 4) Ұлан ауданында тіркелімін растайтын құжат;

5 5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат;

6 6) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Ұлан аудандық бөлімінен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтамалар.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

4 4. Көп балалы аналарға берілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері 10000 теңгені құрайды.

3 3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу

5 5. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу 451007000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.

6 6. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізіледі.

Ұлан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
А. Ибраимова