Перейти к тексту документа

2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 21 · принят 11.12.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 11.12.2009
https://adilet.kz/ru/laws/2010-1993-ekb-49560/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы Действует Иной акт ·№ 21 ·11.12.2009

2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Действует Иной акт ·№ 21 · принят 11.12.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
21
Дата принятия
11.12.2009
Дата введения в действие
20.01.2010
Показанная редакция
11.12.2009 · действующая AI49560_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
11.12.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09GB000102
Идентификатор ЭКБ
49560
Идентификатор редакции
AI49560_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:46

0 2010 жылы Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17 бабының 3 тармағына сәйкес және “Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережесін басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІН:

1

1. “Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Бекболатовқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Байзақ ауданының аумағында тұратын 1993 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу жүргізу ұсынылсын.

2 2. Ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері “Жамбыл облысы Байзақ ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесіне тіркеуге жататын азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, шақыру учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. “Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі” мемлекеттік мекемесі “Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1993 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.

4

4. “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 226 Қаулысымен белгіленген тәртіппен, азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өткізілсін.

5 5. “Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ Аудандық Ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Демесіновке (келісім бойынша), әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстау өз құзіреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы Садубаевқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
“Жамбыл облысы Байзақ ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы
М. Бекболатов
11.12.2009 ж.
“Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің Байзақ
Аудандық Ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесінің
бастығы
C. Демесінов
11.12.2009 ж.