2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
ҚАЗ2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
- Наименование (каз.)
- 2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 23
- Дата принятия
- 25.12.2009
- Показанная редакция
- 05.04.2010 · действующая 50065_214008.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 05.04.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09ZD000100
- Идентификатор ЭКБ
- 50065
- Идентификатор редакции
- 50065_214008
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:31
0 2010 жылы Бокей ордасы ауданында он жеті жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына және Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1 1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеу өткізу ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылардың әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. Ауылдық округі әкімдері азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуден өткізу үшін автокөліктермен қамтамасыз етсін.
4
4. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бөкей ордасы ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2010 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
5 5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
7 7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Батыс Қазақстан облысы
Бөкей ордасы ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы, майор
Алтаяқов Бауыржан Джиенбаевич
__________________қолы
25.12.2009 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
Ғаббас Әділгерей Уалиевич
__________________қолы
25.12.2009 ж.