Перейти к тексту документа

2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы

Иной акт · № 28-100 · принят 23.12.2009
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 18.05.2011
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-50260/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы Утратил силу Иной акт ·№ 28-100 ·23.12.2009
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы

ҚАЗ2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 28-100 · принят 23.12.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
Наименование (каз.)
2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
28-100
Дата принятия
23.12.2009
Показанная редакция
18.05.2011 · действующая 50260_203786.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
18.05.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09DJ000109
Идентификатор ЭКБ
50260
Идентификатор редакции
50260_203786
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:38

0 2010 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 378, 379, 381, 383, 386 және 387 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық ставкалары "Іле ауданы бойынша салық басқармасы" мен "Іле аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісімімен "Іле ауданының жерлерін аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 26 қаңтардағы N 5-23 шешіміне сәйкес, төмендегідей:
1 және 2 аймақтарда 50 пайызға көбейтілсін;
3 – аймақта 40 пайызға көбейтілсін;
4 – аймақта 25 пайызға көбейтілсін.

2 2. 0,50 гектарға дейін жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары: Энергетик, Первомай және Боралдай поселкелік, Казцик, Ащыбұлақ, Чапаев, Междуреченск, Байсерке, Қараой, Жетіген және Күрті ауылдық округтерінде 50 пайызға көбейтілсін.

3 3. Аудан аумағындағы елді мекендердің жерлеріне (тұрғын үй қорымен қамтылған, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар тұрған жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.

4 4. Елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп өндірісі жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға көбейтілсін.

5 5. Автотұрақтар, автокөліктерге жанар май құю станциялары және казино орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық ставкалары салық Кодексінің 381 бабында белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есеге ұлғайтылып салық салынсын.

6

6. 2008 жылғы 16 қазанда қабылданған 12009 жылға арналған жер салығының ставкаларын бекіту туралы1 N 14-44 шешімі (2008 жылғы 25 қарашада Іле аудандық Әділет басқармасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде енгізілген N 2-10-83, 2008 жылы 5 желтоқсанда N 48 (4261) Іле таңы газетінде жарияланған) 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстан алынып, күші жойылсын.

7 7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Карпов Дмитрий Павлович) тапсырылсын.

8 8. Осы шешім ресми басылымда жарияланғаннан кейін он күндік мерзім өткеннен соң қолданысқа енгізілсін.