Перейти к тексту документа

Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Постановление · № 32 · принят 21.01.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 01.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-50709/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Действует Постановление ·№ 32 ·21.01.2010

Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

ҚАЗЖұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Действует Постановление ·№ 32 · принят 21.01.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Наименование (каз.)
Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
32
Дата принятия
21.01.2010
Показанная редакция
01.01.2011 · действующая AI50709_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10UJ000132
Идентификатор ЭКБ
50709
Идентификатор редакции
AI50709_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:15

0 Жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді 2010 жылда қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабына сәйкес халықты қоғамдық жұмыстарға жіберу және жұмыссыздар санын азайту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Серікбаев) 2010 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмаған мөлшерде белгіленсін.

4 4. Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі (Ғ.Аязов) қоғамдық жұмыстарға жалақы төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.

7 Сайрам аудан әкімдігінің 2010 жылғы

21 қаңтардағы № 32 қаулысымен
бекітілген
2010 жылға қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№ р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Көлемі (адам)
1.
Ауыл округі әкімінің аппараттары
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға қатысу
17
2.
Ауыл округі әкімінің аппараттары
Жолдар құрылысы және оларды жөндеу жұмыстарына қатысу
40
3.
Ауыл округі әкімінің аппараттары, мемлекеттік орман шаруашылықтары
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау
120
4.
Ауыл округі әкімінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
25
5.
Ауыл округі әкімінің аппараттары,
Аймақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру жұмыстарына қатысу
125
6.
Ішкі істер басқармасы
Қоғамдық тәртіп
17
7.
Аудан әкімінің аппараты, ауыл округі әкімінің аппараттары, Аудандық экономика және қаржы бөлімі, Аудандық жер қатынастары бөлімі, "ОҚО жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы" РМК- ның Сайрам филиалы, Мемлекеттік зейнет ақы төлеу орталығы, Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, Сайрам ауданының әділет басқармасы, "№ 2 Сайрам балалар бақшасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны, Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі, Аудандық Төтенше жағдай басқармасы, "Болашақ" балалар сауықтыру лагері
Басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
206
Барлығы:
550
Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың және толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.