Май ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы
ҚАЗМай ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Май ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы
- Наименование (каз.)
- Май ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 19/2
- Дата принятия
- 18.02.2010
- Показанная редакция
- 18.02.2010 · действующая 51306_169364.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 18.02.2010
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10PJ000093
- Идентификатор ЭКБ
- 51306
- Идентификатор редакции
- 51306_169364
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 09:00
0 Май ауданында 2010 жылы кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 19 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Кәсiби даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiкті арттыру ережесіне сәйкес және еңбек нарығында жұмыссыздардың қабiлетiн жоғарлату және жұмыспен қамтуға жәрдем ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен (Р.Ш. Байтлеуов) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушіде жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді (әрі қарай - толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлер),сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшін 25 жұмыссыз, оның iшiнде 15 жұмыссыз аудан бюджетiнен оқытылсын.
2
2. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен тікелей байланысты шығындар "Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау "101 кіші бағдарламасы, "Еңбекпен қамту бағдарламасы" 002 бағдарламасына сәйкес қаржыландырады.
3
3. Аудандық қаржы бөлiмi (Д.Б. Қалиақпаров) жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаражаттың шегiнде табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, толық емес жұмыс уақыты режимімен жұмыс істейтін қызметкерлерді, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру үшiн қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
4
4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 ақпандағы "Май ауданында 2009 жылы табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсiби даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру туралы" N 56/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.