Перейти к тексту документа

2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

Постановление · № 23 · принят 04.03.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 05.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-51615/
Напечатано 2026-08-22 · adilet.kz
2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы Утратил силу Постановление ·№ 23 ·04.03.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

ҚАЗ2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

Утратил силу Постановление ·№ 23 · принят 04.03.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Наименование (каз.)
2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
23
Дата принятия
04.03.2010
Показанная редакция
05.01.2011 · действующая AI51615_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
05.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10ZM000126
Идентификатор ЭКБ
51615
Идентификатор редакции
AI51615_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:51

0 2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. 2010 жылға нысаналы топтарды қорғау жөніндегі әлеуметтік шаралар 2-қосымшаға сәйкес анықталсын.

3 3. "Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастырсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Айтмұхамбетовке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Аудан әкімдігінің

2010 жылғы 4 наурыздағы
N 23 қаулысына
1-ҚОСЫМША
2010 жылға нысаналы топтардың тізбесі

1 1. Табысы аз адамдар.

2 2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.

12 12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады.

13 13. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп).

14 14. Елу жастан асқан адамдар.

15 15. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері.

16 16. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ, жұмыстан бос жастар.

17 17. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар.

18 18. Жалпы білім беру мектептерінде, кәсіптік бастауыш, орта және жоғары оқу орындарында оқитын жастар (демалыс кезінде).

25 Аудан әкімдігінің

2010 жылғы 4 наурыздағы
N 23 қаулысына
2-ҚОСЫМША
2010 жылға нысаналы топтарды қорғау
жөніндегі әлеуметтік шаралар
N
Іс-шаралар
Барлығы, адам саны
Соның ішінде нысаналы топ, адам саны
1
Жұмысқа орналастыру
220
100
2
Қоғамдық жұмысқа жіберу
307
120
3
Бастапқы даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу
47
23
4
Аймақтық бағдарлама бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау
55
55
5
"Жол картасы" бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау
120
120