Перейти к тексту документа

Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 136 · принят 02.04.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 01.01.2011
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-52237/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 136 ·02.04.2010

Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗАзаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 136 · принят 02.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
136
Дата принятия
02.04.2010
Показанная редакция
01.01.2011 · действующая AI52237_1.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.01.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10UE000093
Идентификатор ЭКБ
52237
Идентификатор редакции
AI52237_1
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:37

0 Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
Касетов Серік Тастемірұлы
аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Тоқтамысов Асылхан Битасұлы
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Мырзахметов Алмас Келдібекұлы
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Байғонов Әбужахил
аудандық орталық аурухананың ЛОР дәрігері медициналық сараптау комиссиясының төрағасы
Пірназарова Меруерт Нұрғалиқызы
медбике, комиссия хатшысы

3 3. Аудандық емханаға /Б.Мырзагелдиев – келісім бойынша/

1 1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын;

әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;

2 2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін;

3 3) дәрігерлік комиссиясының емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастырсын;

4 4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын.

4 4. Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі /С.Касетов келісімі бойынша/ әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасасын.

5 5. Аудандық ішкі саясат бөліміне /Е.Тойжанов/ әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Адилов -келісімі бойынша):

1 1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;

2 2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.

7 7. Осы қаулы аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Дүйсенбековке жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық қорғаныс істер
жөніндегі бөлімінің бастығы С.Т.Касетов
"02" сәуір 2010 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлімнің бастығы А.Қ.Адилов
"02" сәуір 2010 жыл
Аудандық ішкі істер
бөлім бастығының орынбасары А.К.Мырзахметов
"02 сәуір 2010 жыл
Аудандық емхананың бас
дәрігерінің міндетін атқарушы Б.С.Мырзагелдиев
"02" сәуір 2010 жыл