Перейти к тексту документа

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 157 · принят 15.04.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 15.04.2010
https://adilet.kz/ru/laws/2010-ekb-52516/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 157 ·15.04.2010

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗ2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 157 · принят 15.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
157
Дата принятия
15.04.2010
Дата введения в действие
29.05.2010
Показанная редакция
15.04.2010 · действующая AI52516_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
15.04.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10GF000077
Идентификатор ЭКБ
52516
Идентификатор редакции
AI52516_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:27

0 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуіріндегі № 313 Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегізден жиырма жетіге дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлер мен әскери құралымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Нурдинов Көпбосын Кеңесбекұлы
– «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; (келісімі бойынша)
Есенов Сәкен Бөрібайұлы
– «Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Амиралиев Талғат Тұрлыбайұлы
- «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі; (келісімі бойынша)
Ордабаев Берік Ембергенұлы
– «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының аға дәрігері, медициналық комиссияның мүшесі; (келісімі бойынша)
Тоқтышақова Индира Сыдықбекқызы
– «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы; (келісімі бойынша)

3

3. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Меркі ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қайрат Абайұлы Рысбаевқа (келісімі бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін өтеуден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар әскери бөлімдерге жөнелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рысқұлбековке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.