Перейти к тексту документа

"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Постановление · № 57 · принят 27.02.2009
Юридическая сила: Действует · редакция от 27.02.2009
https://adilet.kz/ru/laws/28-2006-n-176/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Действует Постановление ·№ 57 ·27.02.2009

"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗ"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Действует Постановление ·№ 57 · принят 27.02.2009

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Наименование (каз.)
"Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
57
Дата принятия
27.02.2009
Показанная редакция
27.02.2009 · действующая AI45257_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
27.02.2009
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V09MD000082
Идентификатор ЭКБ
45257
Идентификатор редакции
AI45257_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 11:38

0 "Қарақия ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 28 тамыздағы 2006 жылғы N 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 04 желтоқсандағы N 96-ІV Заңына және Қарақия аудандық маслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 11/88 шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімінің 28 тамыз 2006 жылғы N 176 қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1 тармақшасы төменгідей өзгертілсін;

- И.Сағынбаевтың орнына Г.Сүйеуова аудан әкімінің орынбасары,
- С.Әбішеваның орнына А.Отарбаева бөлімнің бас маманы болып,
- Ұ.Атағараеваның орнына М.Нұрсейтова бөлімнің бас маманы болып.

2

2) Бір жолғы материалдық көмекті құқықпен, отбасы мүшесінің жиынтық табысы аймақ бойынша белгіленген кедейлік деңгейінен төмен болған аз қамтамасыз етілген отбасылар және кедейлік деңгейінен асып кеткен жағдайларда құжаттарына сәйкес аса мұқтаж азаматтар пайдаланады деген сөздермен 6 тармақша өзгертілсін.

3 3) Бір жолғы материалдық көмек аз қамтамасыз етілген отбасына және аса мұқтаж азаматтарға өтініші бойынша күнтізбелік жылда бір реттен жиі емес кейбір жағдайларда жылына екі реттен тағайындалады олар:

- отбасы мүшелерінен біреу қайтыс болған;
- қатаң ауырған, операция жасататын, қала шегінен шығып емделуге кететін;
- зардап шеккен отбасына, материалдық шығын келтіріп өрт болған отбасының немесе азамат басында бақытсыз оқиғалар болған, табыс көзі
балаларын асырауға жетпейтін, басында баспаналары жоқ жағдайларда тағайындалады деген сөздермен 7 тармақша ауыстырылсын.

4 4) Алушылардың дербес іс қағаздарын құрастыру кезінде уәкілетті орган қызметкерлері құжаттарды түпнұсқасымен салыстыру арқылы тексеруге, мәртебені анықтайтын және дәлелдейтін қосымша құжаттарды талап етуге құқылы деген сөздермен 8 тармақша ауыстырылсын.

2 2. Материалдық көмек тағайындауға және төлеуге қажетті құжаттар:

1 1) тұрақты мекен жайын анықтайтын тұрғындарды тіркейтін тіркеу кітабы немесе басында баспанасы жоқ екендігін дәлелдейтін анықтама;

2 2) өтініш берушінің жеке куәлігі;

3 3) салық төлеушінің тіркелу куәлігі;

4 4) әлеуметтік жеке код куәлігі;

5 5) материалдық көмек алу мәртебесі бар екендігін дәлелдейтін құжат;

6 6) зардапты оқиғаны дәлелдейтін құжаттар (анықтама, куәлік және т.б.)

7 7) әлеуметтік, материалдық ауыр жағдайды куәландыратын т.б. құжаттар;

8 8) тұрмыс жағдайын тексеру акті деген сөздермен толықтырылсын.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Аудан әкімінің орынбасары
Г.Сүйеуова _________ «27»02.2009 ж.
(қолы)
Аппарат басшысы
С.Мұқанов _________
«27»02.2009 ж.
(қолы)
Мемлекеттік құқықтық бөлімнің жетекшісі
С.Молжігітов_________
«27»02.2009 ж.
(қолы)
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
бастығы
Е.Бегниязов_________
«27»02.2009 ж.
(қолы)