Перейти к тексту документа

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Постановление · № 335 · принят 20.04.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 20.04.2010
https://adilet.kz/ru/laws/65-ekb-52388/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Действует Постановление ·№ 335 ·20.04.2010

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Действует Постановление ·№ 335 · принят 20.04.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Наименование (каз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
335
Дата принятия
20.04.2010
Показанная редакция
20.04.2010 · действующая 52388_175281.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.04.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10TA000118
Идентификатор ЭКБ
52388
Идентификатор редакции
52388_175281
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 08:22

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 және 37 баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Атырау қалалық Мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 168 "Қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (Атырау қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 наурызда № 4-1-111 болып мемлекеттік тіркеуден өткен) негізінде, сондай-ақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Р. Оралова):

1 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 100 000 (жүз мың) теңге;

2 2) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 85 000 (сексен бес мың) теңге;

3 3) Ұлы Отан соғысы кезінде ерікті жалдама құрамының адамдарына 45 000 (қырық бес мың) теңге;

4

4) Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған зайыбы, ата-аналарына, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің әйелдеріне (күйеулеріне) және соларға теңестірілген мүгедектерге 15 000 (он бес мың) теңге;

5 5) соғыс уақытында қызмет жасаған тыл еңбеккерлеріне 10 000 (он мың) теңге көлемінде қаржы төлеуді қамтамасыз етсін.

2 2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қаржылай әлеуметтік төлемдерді алушылардың есеп шоттарына аударсын.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4

4. Атырау қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 292 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты азаматтардың кейбір санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" және 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 293 "Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу туралы" қаулылары жойылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.