Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
ҚАЗҚоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 8/6
- Дата принятия
- 20.03.2003
- Показанная редакция
- 17.08.2004 · действующая 15364_199906.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 17.08.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03KD001164
- Идентификатор ЭКБ
- 15364
- Идентификатор редакции
- 15364_199906
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 22:22
0 Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеу Қағидаcын бекіту туралы
📌 Ескерту. Тіркеуі бұзылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімиятының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 22/03 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес Балқаш қаласының әкімияты қаулы етеді:
1 1. Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеудің Қағидасы бекітілсін. (қосымша)
2 2. Балқаш қаласы әкімінің қаржы бөлімі (Қ.Қ. Адамова) қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтардың еңбекақыларын қаржыландыруды Қағидаға сәйкес жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Г. Ескеге жүктелсін.
4 Балқаш қаласы әкімиятының
2003 жылғы 20 наурыздағы N 8/6
"Қоғамдық жұмыстарымен қамтылған
азаматтарға еңбекақы төлеу
Қағидасын бекіту туралы"
қаулысымен Бекітілген қосымша
Қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеудің
Қағидасы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына сәйкес жасалған, осы Қағида қоғамдық жұмыстармен қамтылған азаматтарға еңбекақы төлеуді реттейді.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері қоғамдық жұмыстар деп түсініледі.
2 2. Авариялардың, зілзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.
2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
3 3. Қоғамдық жұмыстарды Балқаш қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырады және жергілікті бюджеттер мен жұмыс берушілердің қаражатынан олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
4 4. Халықты жұмыспен қамтудың бағдарламасына сәйкес Балқаш қалалық әкімияты қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы қаулы қабылдайды.
Балқаш қалалық әкімиятының қаулысына сәйкес, қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушімен орталық атқарушы орган бекіткен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарт жасасады.
Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері болады: