Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
ҚАЗАудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 209
- Дата принятия
- 07.04.2002
- Показанная редакция
- 07.04.2002 · действующая 12505_290370.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 07.04.2002
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V02L0001819
- Идентификатор ЭКБ
- 12505
- Идентификатор редакции
- 12505_290370
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 23:10
0 Аудандық мемлекеттік мекемелер-жұмыспен қамту орталықтарын жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудандық мемлекеттік мекемелер - жұмыспен қамту орталықтары, олардың іс пен мүлікті басқару жөніндегі міндеттері мен өкілеттігін тиісті аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдеріне беру арқылы жойылсын.
2 2. Аудан әкімдері:
1 1) жою комиссиялар құрсын және жою рәсімдерін қолданыстағы заңнамада қаралған мерзімдері мен тәртіпте жүргізуін қамтамасыз етсін;
2 2) қызметкерлерді алдағы жою туралы ескертсін және әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақы төлемдерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес камтамасыз етсін;
3 3) аудандық еңбек және халықты әлеуметтік корғау бөлімдерінің құрылымдары мен Ережелерін қайта бекітсін және облыстық әділет басқармасында мемлекеттік қайта тіркеуде бір ай мерзім ішінде өтуін қамтамасыз етсін;
4
4) 2002 жылғы 20 сәуірге дейін аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметкерлері мен жеңіл автокөліктер санының лимиттері бойынша Қызылорда облыстық әкімиятының 2001 жылғы 5 шілдедегі № 47 «Әкімдер аппаратының, олардың атқарушы органдарының қызметкерлері, қызметтік жеңіл автокөліктері санының лимиті туралы» қаулысының 2 тармағына өзгерістер енгізуге ұсыныс берсін.