Бұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
ҚАЗБұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Бұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Бұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 145
- Дата принятия
- 28.05.2003
- Показанная редакция
- 28.05.2003 · действующая 16046_160518.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 28.05.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03BG001898
- Идентификатор ЭКБ
- 16046
- Идентификатор редакции
- 16046_160518
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:18
0 Бұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесін бекіту туралы
"Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі 357-1 Заңының 13-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 28-бабын, 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдайлар туралы" Заңының 8-бабын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымша беріліп отырған Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің резервіндегі қаржыны пайдалану ережесі бекітілсін (бұдан былай - Аудан әкімдігі).
Ескертусіз келісілді:
Қызметі Аты-жөні Қолы, мөрі
Аудан әкімінің экономика
және өнеркәсіп жөніндегі
орынбасары Бежин А.И.
Аудан әкімінің әлеуметтік
сала жөніндегі орынбасары Еслямова А.Қ.
Аудандық қаржы
бөлімінің меңгерушісі Самойлова К.Г.
2 Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің
2003 ж. 29.05 "Бұланды ауданы әкімдігінің
резервіндегі қаржыны пайдалану
ережесін бекіту туралы" № 145
қаулысына қосымша
Бұланды ауданы әкім резервіндегі
қаржыны пайдалану
Ережесі
(бұдан былай - Аудан әкімдігі)
Осы Ереже Аудан әкімдігінің резервіндегі қаржыны бөліп беру және пайдалану тәртібін айқындайды.
1
1. Резерв ағымдағы қаржылық жылда қаржыландыруды талап ететін және аудандық бюджетті әзірлеу кезінде жоспарланбаған, көзделмеген шығындарды қаржыландыру үшін, қаржылық жылға бекітілген аудандық бюджеттің құрамында және "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі 357-1 Заңының 13-бабына сәйкес құрылады.
2
2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес Аудан әкімдігі резервінің құрамында соттың шешімі бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін және өзге де көзделмеген шығындарды, атқарушы органның міндеттемелері бойынша қарызды өтеу үшін қаржы қарастырылған.
3 3. Резервтің мөлшері Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес анықталады және аудандық бюджет түсімінің екі пайызынан аспауға тиіс.
4 4. Аудандық бюджетте жоспарланбаған және ағымдағы қаржылық жылда міндетті түрде қаржыландыруды қажет ететін шығындарға:
1 1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға мыналар жатады:
жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың басшылары алдын ала бекітілген апаттан құтқару жұмыстарының жоспарларына сәйкес төтенше жағдайлар аймағында орналасқан құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын қатыстыра отырып іс-шаралар ұйымдастыруы;
төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
зардап шеккендердің тамақтандырылуын, уақытша баспанамен қамтамасыз етілуін өрістету;
шұғыл шаралар қабылдайтын апаттан құтқару және қалпына келтіру бөлімшелерін қажетті жарақтармен, құрал-жабдықтармен қосымша жарақтандыру;
төтенше жағдайлар аймағына құтқарушы күштер мен қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілуін қамтамасыз ету;
қоршаған ортаны сауықтыру шараларын өткізу, азаматтардың, ұйымдардың шаруашылық қызметін жандандыру;
материалдық-техникалық, медициналық ресурстардың қосалқы қорларын құру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға және одан сақтандыруға қажетті көлік, құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету;
2 2) соттың шешімімен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органның міндеттемелерін орындау.
5
5. Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу аудандық қаржы бөлімімен қаржы жылындағы аудандық бюджеттің осы мақсаттарға арналған шығыстары мен несиелерінің бекітілген мөлшерлерінің шегінде жүзеге асырылады. Қаржыландыру қазіргі заңдылықтарға сәйкес бөлінген қаржының мөлшері, алушысы, қаржыны пайдалану мақсаты көрсетілген аудан әкімдігінің қаулысы негізінде орындалады.
6 6. Резервтік қордың қаражаты белгілі бір мақсатпен тағайындалады, осы ережемен және қордан қаржы бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысымен қамтылмаған басқа да мақсаттарға пайдаланылмайды.
Аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылының аяқталуына байланысты өз күшін жояды. Қаржының пайдаланылмаған қалдығы қайтарылады.
7 7. Аудан әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қабылданғанда мына шарттар ескеріледі:
1 1) аудандық бюджеттен ағымдағы қаржы жылына қаржының бөлінбегендігі;
2 2) Аудан әкімдігінің резервінен қаржыны ағымдағы қаржы жылында ғана қажет болуы мен оның қажеттілігінде тек сот шешімі негізінде өтелуге тиіс міндеттемелер болмаса, алушының өткен жылдардағы міндеттемелеріне қатысы жоқтығы;
8 8. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайлар аймағын және оның жайылу көлемін, объектілерге қатыстылығын анықтайды.
9 9. Заңды тұлғалардың Аудан әкімдігінің резервінен қаржы бөлу туралы өтінішін төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қарап, негізге алынатын материалдардың тізбесін құрып және оның тапсырылу мерзімін анықтайды.
10
10. Жергілікті көлемдегі төтенше жағдайлар зардаптарын жою қажеттілігі туындаған жағдайда төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссия негізге алынатын есептер қосымшасымен қабылданатын шешімнің жобасын аудандық қаржы бөліміне қарауға ұсынады.Мақұлданған шешімді төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия қазіргі заңдылықтарға сәйкес жергілікті атқарушы органға бекітуге ұсынады.
11 11. Аудандық бюджет бағдарламаларына бөлінген, сот шешімінің негізінде атқарылуы тиіс жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелері, соттың орындау құжаттары болған жағдайда, Аудан әкімдігінің резерві есебінен орындалады.
Аудан әкімдігінің Аудан әкімдігінің резервінен жергілікті атқарушы органның міндеттерін өтеу үшін қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңда белгіленген тәртіп бойынша аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
12
12. Соттың шешімі бойынша табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауға байланысты Аудан әкімдігінің әкімдігінің резервіндегі қаржыны тиімді бөлу мақсатында ағымдағы тоқсанда бөлінетін қаржының көлемі бір жылға бөлінген соманың 25 пайызынан аспауға тиіс.