Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия кұрамы жөнінде
ҚАЗТіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия кұрамы жөнінде
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия кұрамы жөнінде
- Наименование (каз.)
- Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия кұрамы жөнінде
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- а-5/184
- Дата принятия
- 25.05.2003
- Показанная редакция
- 12.08.2004 · действующая 16204_160368.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 12.08.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03BE001890
- Идентификатор ЭКБ
- 16204
- Идентификатор редакции
- 16204_160368
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 21:19
0 Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия кұрамы жөнінде
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 7.02.2001 ж. № 550 Жарлығымен бекітілген 2001-2010 жылдары тілдерді қолдану және дамыту Мемлекеттік Бағдарламасына, Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңның 31 бабы, 17 бөліміне сәйкес аудан әкімдігі қаулы етті:
1 1. Тіл саясаты және ономастика бойынша келесі құрамда аудандық комиссия құрылсын:
Боброва Людмила Ивановна - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Балғазин Сәулет Шакейұлы - аудандық тарихи-өлкетану мұражай директоры, төрағасының орынбасары
Сүлейменова Махаббат Рыспекқызы - ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Әйпейсова Шаризада Назымбекқызы - "Аудандық білім бөлімі" ММ әдіскері
Бейсенова Марфуға Айтжанқызы - зейнеткер
Жарлығапова Аягөз Иманбайқызы - Атбасар қаласының № 7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Исабекова Бахыт Зиядақызы -«Атбасар»және "Простор" газеттерінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша)
Лебедев Иван Степанович - мұрағат директоры
Марунич Людмила Васильевна - Атбасар қаласы әкімінің орынбасары
Мустафин Өміржан Смағұлұлы - зейнеткер (келісім бойынша)
Новиков Василий Дмитриевич - "Аудандық мәдениет бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Сексенбаева Жанат Бекетқызы - "Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі
Штефан Валентина Анатольевна - аудандық мәслихаттың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
2 2. Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссиясы туралы Ережені бекіту.
3 3. Комиссиялар қызметін Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссиясы туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырылсын.
4 4. Атбасар ауданы әкімінің № 5 21.01.2001 ж. "Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия құрамы жөніндегі" шешімі өз күшін жоғалтты деп есептелсін.
5 5. Тіл саясаты және ономастика бойынша аудандық комиссия құрамын аудандық мәслихат сессиясында бекітуге енгізілсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.И.Боброваға жүктелсін.
7 Аудан әкімдігінiң 2003 жылғы
26 мамыр № а-5/184 қаулысымен
бекітілген
Тіл саясаты және ономастика бойынша
аудандық комиссия туралы Ереже
1 1. Жалпы Ереже
1 1. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республика Заңдарын, Президент және Үкімет актілерін және басқа да нормативті құқықтық актілерін, сол сияқты нақты Ережені жетекшілік етеді.
2 2. Комиссия құрамы аудан әкімдігі қаулысымен құрылады және комиссияның жеке құрамы аудандық мәслихатқа бекітілуге ұсынылады.
3 3. Комиссия шешімдері кепілдік түріне ие.
4 4. Комиссия қызметін ұйымдастырылған, материалдық-техникалық және әдістік қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырады.
2 2. Негізгі міндеті
1 1. Комиссияның "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Заң саласында басты міндеттерін орындау болып табылатындар:
Халықтың мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін қажетті, қаржы, ұйымдасқан, материалды техникалық жағдайларын жасау;
мемлекеттік тілді дамыту, өмірде барлық қоғам аймақтарында, әсіресе, ауылдық округ және Атбасар қаласында білім, мәдениет аймақтарында белсенді қолдану үшін алғы шарттарын жинақтау;
аудандық кестеге сәйкес мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең бойынша көшіру үшін нақты базасын құру.
2 2. Ономастика саласында комиссияның міндеті болып табылатындар:
Географиялық атауларды жинау жүйелендіру және зерделеу жинағы;комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша облыстық ономастикалық комиссия материалдарын және ұсыныстарын, аудан әкімдігі отырыстарында бекітілген тәртіппен қарастыруға енгізу.