Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
ҚАЗАудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
- Наименование (каз.)
- Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 159
- Дата принятия
- 29.10.2003
- Показанная редакция
- 29.10.2003 · действующая 17523_287005.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 29.10.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03Z0002347
- Идентификатор ЭКБ
- 17523
- Идентификатор редакции
- 17523_287005
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:52
0 Аудан әкімиятты жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қыркүйектегі 1999 жылғы № 1292 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Аудан әкімияты жанынан тұрғын үй комиссиясы құрылсын және тұрғын үй комиссиясының жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.
2 2. Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй беру Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сатым Ғалымұлы Шәуеновке жүктелсін.
4 Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тасқала ауданы әкімиятының
2003 жылғы 28 қазандағы
№ 159 қаулысымен бекітілді
Аудан әкімияты жанындағы тұрғын үй комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Аудандық тұрғын үй комиссиясы (әрі қарай - комиссия) аудан әкімияты жанындағы тұрақты жұмыс жасайтын комиссия болып табылады.
2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртібі туралы" № 1292 қаулысын, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
3 3. Комиссия тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің, қаржы бөлімінің, денсаулық сақтау бөлімінің, аудандық әскери комиссариаттың және басқа да мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді ұсынуда мүдделі бөлімдерін біріктіреді.
2 2. Комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері
4
4. Комиссия осы елді-мекенде тұрақты тұрып жатқан (тұру мерзімін есептемегенде) аудан азаматтарына және аз қамтылған әлеуметтік қорғалатын тұрғындарға, сонымен қатар үймен қамтамасыз етілмеген мемлекеттік сайлау жұмысшыларына, мемлекеттік қызметкерлерге тұрғын үй пайдалануды ұсыну мақсатында құрылып отыр.
5 5. Комиссия өз қызметінде жергілікті атқарушы органның алдында жауапты. Мемлекеттік тұрғын үйді ұсыну комиссиясының шешімі негізінде, жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітіледі.
6 6. Комиссияның негізгі міндеттеріне келесі сұрақтар қатысты:
1 1) мемлекеттік қордан тұрғын үй ұсыну кезегін анықтау;
2 2) тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген аудан азаматтарының бөлек тізімдерінің есебі;
3
3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға есепте тұрған тұлғалардың тізімдерін ұсыну, сонымен қатар тұлғалардың талабы бойынша танысу үшін, соңғы 24 ай ішінде тұрғын үй алған тұлғалардың тізімдері. Осы тізімдердің нысандарына міндетті түрде отбасы, есепке тұру уақыты туралы мәлімдемелер, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін негіздеме және оның көлемі, тұрғын үйді ұсыну уақыты кіру керек.