Перейти к тексту документа

Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Постановление · № 173 · принят 24.11.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 24.11.2003
https://adilet.kz/ru/laws/doc-17817/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы Действует Постановление ·№ 173 ·24.11.2003

Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

ҚАЗАудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Действует Постановление ·№ 173 · принят 24.11.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Наименование (каз.)
Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
173
Дата принятия
24.11.2003
Показанная редакция
24.11.2003 · действующая 17817_287019.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
24.11.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03Z0002380
Идентификатор ЭКБ
17817
Идентификатор редакции
17817_287019
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:47

0 Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 "Қазақстан Республикасында халықты туберкулезден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулысын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес және туберкулезбен күресті ұйымдастыру бағытындағы қызметті үйлестіру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімияты жанынан туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі құрылсын және Кеңестің құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне ұсынылсын.

2 2. Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің Ережесі ұсынылып отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

3 3. Аудан әкімінің 2001 жылғы 28 наурыздағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы" № 58 шешімі жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Ғ. Шәуеновке жүктелсін.

5 Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудандық әкімияттың
2003 жылғы 24 қарашадағы
№ 173 қаулысына № 1 қосымша
Аудан әкімияты жанындағы туберкулезбен
күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесі аудан әкімияты жанындағы кеңесші орган болып танылады (бұдан әрі - Кеңес).

2 2. Кеңестің құрамына аудандық денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, мәдениет, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің, санитарлық эпидемиологиялық стансасының және аудандық "Екпін" газетінің өкілдері кіреді.

3 3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:

а а) аудандық бөлімдер мен мемлекеттік мекемелердің, туберкулезбен күресті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруге қатысады;

б б) денсаулық сақтау, ішкі істер бөлімдері, санитарлық эпидемиологиялық стансасы жетекшілері мен селолық округ әкімдерінің туберкулезбен күресу жағдайын алдын ала тексеріп, дайындаған ақпаратын тыңдайды.

4 4. Кеңестің мәжілістері тоқсан сайын өткізіледі. Жұмыс жоспары Кеңестің мәжілісінде бекітіледі.

5 5. Жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі жүзеге асырады.