Перейти к тексту документа

Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы

Постановление · № 665 · принят 29.11.2003
Юридическая сила: Действует · редакция от 29.11.2003
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18241/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы Действует Постановление ·№ 665 ·29.11.2003

Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы

ҚАЗОблыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы

Действует Постановление ·№ 665 · принят 29.11.2003

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
665
Дата принятия
29.11.2003
Показанная редакция
29.11.2003 · действующая 18241_301479.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.11.2003
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V03L0003577
Идентификатор ЭКБ
18241
Идентификатор редакции
18241_301479
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:46

0 Облыс аумағында карантиндік аймақтар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының “Өсімдіктер карантині туралы” 1999 жылғы 11 ақпандағы №344-1 Заңының 14 бабы негізінде және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық басқармасының ұсынысын қарап, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Карантиндік арамшөптердің таралуына байланысты Қызылорда облысының аумағы кекіре және сары шырмауық бойынша карантиндік аймақ деп белгіленсін.

2 2. Жаңақорған және Шиелі аудандарының аумақтары колорад қоңызы бойынша карантиндік аймақ деп белгіленсін.

3

3. Дәнді дақылдар және жоңышқаны облыс аумағынан, ал картопты Жаңақорған және Шиелі аудандары аумағынан тасымалдауға карантиндік объектілерден толық тазартылған, немесе фумигация жасалған жағдайда және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы аумақтық басқармасы берген фитосанитарлық немесе карантиндік сертификат болғанда рұқсат етілсін.

4 4. Аталған карантиндік объектілермен күрес шараларын қатайту Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасына ұсынылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Мұхамедовке жүктелсін.