Перейти к тексту документа

Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Постановление · № 15 · принят 18.02.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 18.02.2004
https://adilet.kz/ru/laws/doc-18818/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы Действует Постановление ·№ 15 ·18.02.2004

Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

ҚАЗТуберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Действует Постановление ·№ 15 · принят 18.02.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Наименование (каз.)
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
15
Дата принятия
18.02.2004
Показанная редакция
18.02.2004 · действующая 18818_294594.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
18.02.2004
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002528
Идентификатор ЭКБ
18818
Идентификатор редакции
18818_294594
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 20:27

0 Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2 2. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (жалғанды).

3 3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 2 қаулысы жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.

5 Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 15 қаулысымен
бекітілген
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1 1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-Кеңесші орган болып табылады (бұдан әрі - Кеңес).

2 2. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім бөлімдерінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бекеті, редакция, аумақтық басқарма өкілдері енеді.

3 3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:

1 1) туберкулезбен күресуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ауылдың округтер мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады;

2 2) жергілікті жерде алдын ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлік, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.

4 4. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжілісі бекітеді.

5 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімі жүзеге асырады.