Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
ҚАЗӘлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Наименование (каз.)
- Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 42
- Дата принятия
- 11.03.2004
- Показанная редакция
- 11.03.2004 · действующая 19340_339558.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 11.03.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04Z0002596
- Идентификатор ЭКБ
- 19340
- Идентификатор редакции
- 19340_339558
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:22
0 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 санды Заңының 31 бабына сай әлеуметтік жағдайлары дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру комиссиясының құрамы аудандық мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылсын (жалғанды N 1 қосымша).
2 2. Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы Ережесі бекітілсін (жалғанды N 2 қосымша).
3 3. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (М. Ермеғали) және аудандық қаржы бөліміне (Б. Нұрмағанбетов) материалдық көмектің уақытында тағайындалып, төленуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
4 4. Аудан әкімінің орынбасары А. Балғайшиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.
5 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы комиссиясының құрамы
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 42 қаулысына
N 1 қосымша
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары
мен жекелеген азаматтарға бір жолғы
материалдық көмек беру туралы
комиссиясының құрамы
Балғайшиев Арман - аудан әкімінің орынбасары,
Байзақұлы комиссия төрағасы
Зейнуллин Бақытжан - аудан әкімі аппаратының ішкі
Жұмаұлы саясат және әлеуметтік сала
бөлімінің меңгерушісі
Ермеғали Мақсот - аудандық еңбек, жұмыспен
Иісұлы қамту және халықты
әлеуметтік қорғау бөлімінің
меңгерушісі, комиссия
хатшысы
мүшелері:
Нұрмағанбетов Берік - аудандық қаржы бөлімінің
Базарұлы бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары.
Тулегенова Сания - аудан әкімі аппаратының
Саматқызы құқық жөніндегі бас маманы.
Құспанова Зүлфия аудан әкімі аппаратының ішкі
Алиахметқызы саясат және әлеуметтік сала
бөлімінің бас маманы.
Мұхамедрахимова Альфия - аудандық мұрағат директоры
Карайқызы
6 Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы ереже
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 11 наурыздағы
N 42 қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша
Әлеуметтік жағдайы дәрменсіз отбасылары мен жекелеген
азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру туралы
ереже
1 1. Жалпы ереже
1 1. Жекелеген азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру негізі:
1 1) Селолық округ әкіміне, аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне берген арызы немесе өтінішіне сәйкес;
2 2) Арызда немесе өтініште көмек алуы үшін жағдайы көрсетіледі.
Арыз немесе өтініш беруші жағдайларын анықтайтын құжаттар қоса береді;