Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
ҚАЗҚорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
- Наименование (каз.)
- Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 80
- Дата принятия
- 21.07.2004
- Показанная редакция
- 21.07.2004 · действующая 20829_357575.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 21.07.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04B0002739
- Идентификатор ЭКБ
- 20829
- Идентификатор редакции
- 20829_357575
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:51
0 Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабындағы 1 тармақтың 17 тармақшасына, 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1 ЗРК «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қорғалжын ауданның қоршаған ортасы мен тұрғындарының денсаулығын қорғау мәселелерімен айналысатын аудан ұйымдары және мекемелерінің өзара қарым-қатынасымен қызметін үйлестіру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылсын.
2 2. Үйлестіру кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын (1 қосымша).
3 3. Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін (2 қосымша).
4 Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
2004 ж. 22 шілдесіндегі «экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру
кеңесін құру туралы» № 80
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 1 қосымша
Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамы
Кеңестің төрағасы:
Смағұлов Марат Қауешұлы Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары
Мүшелері:
1 1. Мамбин Есмағанбет Хамзеұлы Қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша)
2 2. Мурзагельдиев Айдос Ашубасарұлы Қорғалжын аудандық аумақтық басқармасының бастығы: (келісім бойынша)
3 3. Қашқынбаев Смағұл Ахатұлы Қорғалжын ауылдық округінің әкімі
4 4. Абақов Қуаныш Білалұлы аудандық мемлекеттік балық инспекторы
5 5. Ғали Асхат Қанатұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
6 6. Мұқышева Күлмаш Құлмағанбетқызы аудандық аурухананың бас дәрігері
7 7. Мұхамеджанов Қуандық Алдабергенұлы «Өрлеу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының директоры
8 8. Баешов Дінмұхамед Аянбекұлы аудандық жерге орналастыру комитетінің бастығы (келісім бойынша)
9 9. Аужанов Амангелді Аужанұлы аудандық бас архитекторы
10 10. Бебусунов Асет Шакиратұлы аудандық санитарлық бас дәрігері (келісім бойынша)
11 11. Төкенов Ғабду Төкенұлы «Нұра су құбыры» ММК директоры (келісім бойынша).
16 Аудан әкімдігінің 2004 ж. 22 шілдесіндегі
«Қорғалжын ауданының экологиялық
мәселелер жөніндегі Үйлестіру
кеңесін құру туралы» № 80
аудан әкімдігінің қаулысына
№ 2 қосымша
Қорғалжын ауданының экологиялық проблемалары жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
17 Жалпы ережелер
1
1. Қорғалжын ауданының экологиялық мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесі аудан әкімдігі жағынан аудан ұйымдары мен мекемелері қызметтік үйлестіру мен өзара тығыз байланысқа жету үшін, сонымен қатар қоршаған ортаны сауықтандыру мен сыртқы ортаның ластануының тұрғындар денсаулығына зиянын азайту үшін құрылған ведомство аралық кеңестік орта болып табылады.