Перейти к тексту документа

Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы

Постановление · № 119/8 · принят 30.08.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 30.08.2004
https://adilet.kz/ru/laws/doc-21265/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы Действует Постановление ·№ 119/8 ·30.08.2004

Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы

ҚАЗМүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы

Действует Постановление ·№ 119/8 · принят 30.08.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Наименование (каз.)
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
119/8
Дата принятия
30.08.2004
Показанная редакция
30.08.2004 · действующая 21265_327740.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
30.08.2004
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04P0002715
Идентификатор ЭКБ
21265
Идентификатор редакции
21265_327740
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 19:44

0 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002 – 2005 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларын, жоспарын және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 99/4 қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

2 2. Кеңестің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.

3 3. Кеңестің дербес құрамы заңнамада белгіленген тәртіпте аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Қ.Қ. Сарбасовқа жүктелсін.

5 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің ЕРЕЖЕСІ

Аудан әкімдігінің
2004 жылғы «31» тамыздағы
«Мүгедектер ісі жөніндегі
аудандық кеңес құру туралы»
№ 119/8 қаулысымен бекітілді
Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық Кеңестің
ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Мүгедектер ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы консультативтік – кеңес беруші орган болып табылады. Кеңесті құрудағы мақсат мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды пысықтау болып табылады.

2 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі, аудан әкімдігі мен әкімнің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағиданы басшылыққа алады.

2 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

3 3. Мыналар:

1 1) қоғамда мүгедектерді оңалту үшін жағдайлар жасау және мүгедектіктің деңгейін төмендету;

2 2) мүгедектік және мүгедектер мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

4. Мыналар:

1 1) жергілікті мемлекеттік органдарының мүгедектіктің алдын алуы, оңалтуы, әлеуметтік қорғалуы, білім алуы, кәсіптік даярлануы, мүгедектердің жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі іс-қимылын үйлестіру үшін ұсыныстарды пысықтау;

2 2) білім, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру мен спорт жүйелері ұйымдарының мүгедектерді оңалту мәселелері жөніндегі жұмыстың нысандары мен әдістерін жетілдіру;

3 3) аудан аумағында мүгедектердің құқықтары мен мүгедектеріне қатысты облыстық, аудандық бағдарламаларды өткеру.

3 3. Кеңестің құқықтары

5 5. Кеңес:

1 1) мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсынымдарды әзірлеуге;

2 2) мүгедектік және мүгедектер проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

3 3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардан, қоғамдық және кәсіподақ ұйымдардан жұмыс берушілерден мүгедектік және мүгедектер проблемалары жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында ақпарат сұратуға және алуға;

4 4) өз шешімдерінің орындалуына бақылау жасауға;

5 5) мүгедектік және мүгедектер мәселесіне байланысты жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар, кәсіподақ бірлестіктері мен жұмыс берушілер өткізетін мәжілістерге қатысуға құқылы.

4 4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

6 6. Кеңесті төраға басқарады. Кеңес отырыстарын қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет төраға немесе оның тапсырмасы бойынша төрағаның орынбасары шақырады.

7 7. Кеңестің жұмысын ұйымдастыруды, тиісті материалдар мен ұсыныстарды дайындауды Кеңес хатшысы қамтамасыз етеді. Кеңес өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

8 8. Аудандық тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.