Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
ҚАЗМүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
- Наименование (каз.)
- Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 313/9
- Дата принятия
- 07.09.2004
- Показанная редакция
- 07.09.2004 · действующая 21350_171273.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 07.09.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04PK002728
- Идентификатор ЭКБ
- 21350
- Идентификатор редакции
- 21350_171273
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:43
0 Мүгедектер ісі жөніндегі аудандық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 8 сәуiрдегi "Мүгедектер iсi жөнiндегi облыстық кеңес құру туралы" № 99/4 қаулысына сәйкес және 3 шақырылған Павлодар облыстық мәслихатының 4 сессиясының 2004 жылғы 23 сәуiрдегi "Мүгедектердi оңалтудың 2004 - 2005 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы туралы" № 25/4 шешiмiн iске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2 2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
3 3. Кеңестiң дербес құрамы заңнамада белгiленген тәртiпте аудандық Мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсiн.
4 Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңестiң ережесi
Павлодар аудан әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 8 қыркүйектегі
"Мүгедектер iсi жөнiндегi
аудандық Кеңес құру туралы"
№ 313/9 қаулысымен
бекiтiлдi
Мүгедектер iсi жөнiндегi аудандық кеңестiң ережесi
1 1. Жалпы ережелер
Мүгедектер iсi жөнiндегi Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) аудан әкiмдiгi жанындағы консультативтiк - Кеңес берушi орган болып табылады. Кеңес мақсат мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерiнде мемлекеттiк органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерiн үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау үшiн құрылды.
Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметi, аудан әкiмдiгi және әкiм актiлерiн, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Қағиданы басшылыққа алады.