Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
ҚАЗШұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 31
- Дата принятия
- 06.04.2005
- Показанная редакция
- 06.04.2005 · действующая 23615_348716.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 06.04.2005
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05CJI00002
- Идентификатор ЭКБ
- 23615
- Идентификатор редакции
- 23615_348716
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:55
0 Шұбарқұдық кент округіне қарасты елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығын өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негізінде елді мекендер аумақтарын көркейту және олардың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында Шұбарқұдық кент округі Әкімі шешім етеді:
1 1. Санитарлық-тазалықтың айлығы 2005 жылдың 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында ұйымдастырылсын.
2 2. Айлық ұйымдасқан түрде өткізу үшін барлық кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері, мектеп директорлары, кент тұрғындары, шаруашылықтардың басшылары, көшелерді, тротуарларды паркті қажетті санитарлық-тазалық дәрежесіне келтіру жөніндегі жаппай
жұмыстарға қатыстырылсын.
3 3. «Жасыл ел» - елді көгалдандыру бағдарламасын кеңейту осы істерді жүзеге асыру үшін ағаш көшеттерін отырғызып, парк алаңдары ұйымдастырылсын. (Шұбарқұдық кент округі әкімінің орынбасары Ж. Жабасов)
4 4. Қоқыстармен тұрмыс қалдықтары арнаулы қалдықтар төгетін орынға апарып төгілсін. Елді-мекендер айналасындағы белгіленбеген жерлерге қоқыс төгінділерін тастауға тыйым салынсын.
5 5. Көшелердің жарық желілерін жөндеу, олардың бірқалыпты жұмыс істеуін бақылауға алу ЖШС «Энергосистема» мекемесіне (А. Ержанов) ұсынылсын.
6 6. Су құбыры, канализация желілерін өндеу жұмыстарын жүргізу ЖШС «Ақтөбе-Теміржолсу» мекемесіне (М. Нұрғалиев) және МҚМ «Жылуэнергия» мекемесіне (А. Ергалиев) ұсынылсын.
7
7. Облыстық аймақтық қоршаған ортаны жөніндегі басқармасы (Н. Жұбаниязов), облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Темір аудандық бөлімі (Ж. Князев), аудандық ішкі істер бөлімі (Ж. Аликулов) елді көріктендіру мен санитарлық-тазарту айлығының барысына бақылау жасауға көмек ұйымдастырылсын.