Перейти к тексту документа

Аудандық ономастикалық комиссия туралы

Постановление · № 213 · принят 23.09.2004
Юридическая сила: Действует · редакция от 23.09.2004
https://adilet.kz/ru/laws/doc-24002/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Аудандық ономастикалық комиссия туралы Действует Постановление ·№ 213 ·23.09.2004

Аудандық ономастикалық комиссия туралы

ҚАЗАудандық ономастикалық комиссия туралы

Действует Постановление ·№ 213 · принят 23.09.2004

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Аудандық ономастикалық комиссия туралы
Наименование (каз.)
Аудандық ономастикалық комиссия туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
213
Дата принятия
23.09.2004
Показанная редакция
23.09.2004 · действующая 24002_288960.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
23.09.2004
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V04Z0002772
Идентификатор ЭКБ
24002
Идентификатор редакции
24002_288960
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 19:39

0 Аудандық ономастикалық комиссия туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және мемлекеттік, әкімшілік –аумақтық бірліктер атауларын тәртіпке келтіру, елді мекендер мен көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстарды қарау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия құрылып оның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.

2 2. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже бекітілсін.

3 3. Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 189 «Аудандық ономастикалық комиссия туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Беркалиевке жүктелсін.

5 Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже

Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
24 қыркүйектегі № 213
қаулысымен бекітілген
Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия туралы ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Аудан әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) географиялық нысандарды атаудың біріңғай жүйесін құру және топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды, ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды сақтауды, оларды қайта атауды тәртіпке келтіру мақсаттарында ономастика көлемінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін кеңес беру органы болып табылады.

2

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілері, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, отбасы және әйелдер істері жөніндегі облыстық комиссияның ұсыныстары, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

3 3. Комиссия құрамы аудан әкімінің ұсынуымен аудан маслихатымен бекітіледі.

4 4. Комиссия әкімшілік-аумақтық бірліктердің, физика-географиялық нысандардың және мемлекеттік меншік нысандарының атауларына қатысты нұсқаулар береді.

2 2. Негізгі міндеттер

5 5. Комиссияның негізгі міндеттері:

географиялық атауларды жинақтау және зерделеу, ономастика мәселелеріне байланысты материалдарды жүйелендіру;
бұрын ұмытылып кеткен тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстарын енгізу;
жаңа нысандарды атау жөнінде ұсыныстарын енгізу;
ономастикаға географиялық және тарихи-мәдени пән ретінде қолдау көрсету.

3 3. Негізгі қызметтері мен өкілеттіктері

6 6. Өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында Комиссия:

комиссияға келіп түскен әкімшілік-аумақтық бірліктерді атау және қайта атау, атаулардың транскрипцияларын өзгерту, әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарын атау жөніндегі құжаттарды қарайды. Олар бойынша шешім қабылдап, облыс әкімдігінің жанындағы облыстық ономастикалық комиссия қарауына материалдар жібереді;
ұйымдар мен жеке азаматтардан тарихи топонимдерді қалпына келтіру немесе ауыстыру мәселелері бойынша келіп түскен хаттарды қарап, сәйкесінше нұсқаулар береді;
аудан картасын сызу кезінде туындайтын мәселелерді шешуге көмек көрсетеді, онда ауданның географиялық атаулары транскрипцияларының дұрыс жазылуын қадағалайды;
елді мекендердің, көшелердің қорықтық атауларын сақтауға бағытталған шаралар кешенін іске асырады;
ауданның тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде бұрынан қалыптасқан халықтық және тарихи атауларға құрметпен қарауына белсенді түрде ықпал етеді;
жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың материалдары, хабарлары мен ақпараттары бойынша ономастикаға қатысты мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың жай-күйіне талдау жасайды.

4 4. Жұмысын ұйымдастыру

7 7. Комиссия отырысы материалдардың түсуіне қарай және қажеттілігіне байланысты өткізіледі. Комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан отырыс қана дұрыс болып есептеледі.

8 8. Комиссия шешімі, оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері санының көп дауысымен ашық түрде қабылданады.

9 9. Комиссия құзырына жататын жекелеген мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмысшы топтар құрылады.

10 10. Комиссия хатшысы қажетті құжаттарды, отырыс күн тәртібін даярлайды. Комиссия мүшелері іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізуге жауап береді.