"Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі қағида туралы
ҚАЗ"Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі қағида туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі қағида туралы
- Наименование (каз.)
- "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі қағида туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 16/108
- Дата принятия
- 10.06.2005
- Показанная редакция
- 17.07.2009 · действующая 24538_207445.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 17.07.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05MD000006
- Идентификатор ЭКБ
- 24538
- Идентификатор редакции
- 24538_207445
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:37
0 "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы жөніндегі қағида туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат шешiм етті:
1 1. Қоса берiлiп отырған "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы қағида бекiтiлсiн.
2 2. Осы шешiм Қарақия аудандық әділет басқармасында тіркелгеннен соң күшіне енеді және рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 10 маусымдағы
16/108 шешiмiмен бекiтiлдi
"Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы
Қағида
1 1. Кіріспе
1 1. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағы ауданның экономикалық - әлеуметтік, мәдени, денсаулық сақтау және спорт пен қайырылымдылықтың дамуына ерекше үлесін қосқан, қоғамдық өмірге, жастарды тәрбиелеу ісіне белсенді қатысқан беделді, аудан тұрғындарының құрметіне ие болған азаматтарға беріледі.
2 2. Атақты беру тәртібі
2 2. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына ұсынысты тиісті негіздемемен мекеме, кәсіпорындардың еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың және кент село әкімдері мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ұсыныстарының негізінде аудан әкімі бере алады.
3 3. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы ұсыныстарға төмендегідей мәліметтер қоса берілуі қажет:
1 1) үміткердің өмірбаяны;
2 2) 3*4 екі дана сурет;
3 3) сіңірген еңбегі мен мінездеме және өзге де марапаттар тізімі;
4 4) кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың жалпы жиындарының шешімдер немесе хаттамаларына қоса кент, село әкімдерінің және аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының ұсыныстары.
5 5) "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағына түскен ұсыныстар аудандық мәслихаттың келесі сессиясында қаралуы тиіс.
4 4. Қарақия ауданының Құрметті азаматына аудандық мәслихаттың сессиясында немесе аудандық әкімияттың мәжілісі мен еңбек ұжымдарында салтанатты түрде "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" куәлігі, диплом және омырау белгісі тапсырылады.
3 3. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" дипломның сипаттамасы
5 5. "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" Дипломы тығыз ақ қағазда орындалады. Титулдық беттегі "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" жазуы қазақ тілінде жазылады.
Дипломның ішкі бетінің сол жағында түрлі түсті бейнедегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы және оң жағында "Қарақия ауданының Құрметті азаматы" атағын беру туралы аудандық мәслихат шешімінің мәтіні жазылады. Диплом Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы түстес арнайы папкіге салынады.