Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
ҚАЗАманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 99
- Дата принятия
- 02.06.2005
- Показанная редакция
- 02.06.2005 · действующая 24754_287461.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 02.06.2005
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V05NF000011
- Идентификатор ЭКБ
- 24754
- Идентификатор редакции
- 24754_287461
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 18:38
0 Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1- тармағы Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311, 543-баптарына, Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы», «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңдарына сәйкес және Аманкелді ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Аманкелді ауданының елді мекендерінде ит пен мысық ұстау Қағидалары бекітілсін (қосымша қоса берілді)
2 2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттык бюджет, экономика, заңдылық пен құқықтық тәртіп меселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
3 3. Шешім Аманкелді аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң күшіне енеді.
4 Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
Аудандық мәслихаттың
2005 жылғы 2 маусымдағы
№ 99 шешіміне қосымша
Аманкелді ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Қағида Аманкелді ауданының аумағында уй жануарларын, атап айтканда иттерді, мысықтарды ұстауды реттеу мақсатында әзірленді, жеке және заңды тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершіліктерін белгілейді.
2 2. Қағида меншік түріне қарамастан иттер мен мысықтарды ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
3
3. Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы» Заңына сәйкес әзірленді.
4 4. Кез-келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
2 2. Иттер мен мысықтарды ұстау
5 5. Ит, мысық иелері оларды ұстауда санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық Қағидаларын сақтауға тиіс.
6
6. Ауласында иттер ұстайтын адамдар олардың қашып кетуіне жол бермеуге және оларды көршілерінің ауласынан алшақ ұстауға міндетті. Аулаға кіре берісте қақпада ит бар екендігі туралы ескертпе жазу болуы керек. Иттер мен мысықтарды ұстауда олардың саны шектелмейді. Иттерді көшеге, аулаға, басқа да қоғамдық орындарға тек қана қысқа қарғы бауы мен әрі томағамен шығару керек.