Перейти к тексту документа

Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы

Постановление · № 1537 · принят 17.04.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 17.04.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-27856/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы Действует Постановление ·№ 1537 ·17.04.2006

Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы

ҚАЗСу тасқынына қарсы іс шаралар туралы

Действует Постановление ·№ 1537 · принят 17.04.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы
Наименование (каз.)
Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
1537
Дата принятия
17.04.2006
Показанная редакция
17.04.2006 · действующая 27856_251063.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
17.04.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06VN051430
Идентификатор ЭКБ
27856
Идентификатор редакции
27856_251063
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:34

0 Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы

Шығыс Қазақстан облыстық гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша қар қорының үлесі Күршім ауданында мөлшерден 112 пайыз артық.
Қар қоры мөлшерінің көптігіне байланысты, оның қарқынды еруі өзендерде су деңгейінің күрт көтерілуін туғызуы мүмкін. Тиісті шаралар қолданбаса елді мекендер, кәсіпорындар, әлеуметтік маңыздағы объектілер, жолдар, көпірлер қауіпті жағдайда қалуы мүмкін.
«Табиги және техногенді сипаттагы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996-жылгы 5-шілдедегі № 19-1 Заңының 5 және 13- баптарына сәйкес Шыгыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2006 жылгы 27-ақпандагы «Су тасқынына қарсы іс шаралар туралы» № 539 қаулысын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылгы 23- қаңтардагы № 148-II Заңының 31- бабының 2- тармагының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Күршім ауданы бойынша су тасқынына қарсы 2006 жылга арналган іс-шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).

2 2. Ауылдық округтердің әкімдері:

1 1) су тасқынының жағдайы туралы ақпарат алудың айқын сызбасын белгілеп, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияға 2006 жылғы 25-сәуірге дейін тапсырсын;

2 2) су тасқыны кезіндегі жағдайға жедел басшылық жасау жөніндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмыс топтарын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты мекендейтін орнын белгілесін, кезекші көлік бекітсін;

3 3) қардың қарқынды еруі және қауіпті су тасқыны басталысымен ауылдық округ әкімшіліктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын, төтенше жағдай пайда болғанда дереу аудандық төтенше жагдай жөніндегі комиссияга хабарлама берсін.

4 4) әрбір ауылдық округте орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін шаруашылық субъектілер базасында (келісімдері бойынша) ұтқыр механикаландырылған топтар құрсын.

3 3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген аудандық бюджеттің қаражат есебінен ауданда жанар-жағармай қоры жасалсын.

4 4. Орталық аудандық ауруханасының бас дәрігеріне (Игісінов Ф.О., келісімі бойынша) зардап шеккен тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ауданда дәрі- дәрмектер қорын жасау ұсынылсын.

5 5. Аудандық телекоммуникациялар дирекциясының филиалына (Нұрсадықов А.Қ., келісімі бойынша) тасқын су қаупі туатын аймақтағы телефондандырылған елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру ұсынылсын.

6 6. Суда құтқару қызметінің аудандық орталығының бастығына (М. Ақшағанов, келісімі бойынша) және ауылдық округ әкімдеріне қысылтаяң мезетте адамдарды құтқару үшін шағын өлшемді жүзу құралдары мен ұтқыр топтарды дайындау ұсынылсын.

7

7. Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5- шілдедегі № 1155 («Күршім ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 5-сәуірдегі № 1041 «Күршім ауданындағы су тасқынына қарсы шараларды дайындау және өткізу барысы туралы» қаулысы туралы» Күршім ауданының Әділет басқармасында 2005 жылдың 21- шілдесінде № 5-14-4 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы қаулыға бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Меңғалиевқа жүктелсін.