Перейти к тексту документа

Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы

Иной акт · № 21-5 · принят 20.02.2006
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 20.02.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-28274/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 21-5 ·20.02.2006
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы

ҚАЗЗайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 21-5 · принят 20.02.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы
Наименование (каз.)
Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
21-5
Дата принятия
20.02.2006
Показанная редакция
20.02.2006 · действующая 28274_296723.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.02.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06VK000037
Идентификатор ЭКБ
28274
Идентификатор редакции
28274_296723
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 17:54

0 Зайсан ауданында бір жолғы

талондардың құндарын белгілеу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ Қазақстан Республикасы Кодексінің 372 және 373 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШТІ:

1 1. Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндары № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Зайсан ауданында бір жолғы талондардың құндарын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 10 қаңтардағы № 17-3 (тіркеу № 721 01.03.2002), 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 19-5 (тіркеу № 822 07.05.2002) шешімдерінің күші жойылсын.

3 Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін азаматтарға біржолғы талондардың құны (әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен) Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны

Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 20 ақпандағы
№ 21 - 5 шешіміне № 1 қосымша
Зайсан қаласының базарларына тауар өткізетін
азаматтарға біржолғы талондардың құны
(әр сатушыдан бір сауда күні үшін теңгемен)
Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті
жүзеге асыратын жеке тұлғаларға
біржолғы талондардың құны
Зайсан қаласы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға біржолғы талондардың құны
Жеке меншік автокөлігімен аудан ішінде жолаушы тасу үшін берілетін бір жолғы талонның бір күндік құны.
Кісі тасымалдау (мысал ушін Өскемен-465 км)
Кіріс 16000 теңге (8 адам*2000 теңге)
Шығындар:
-жанар жағар май (барып- қайтқаны) 95 л*60 теңге=5700 теңге
-тамақ, ремонт 2000 теңге
Таза кіріс 16000-5700-2000=8300 теңге
Салық сомасы 8300 теңге*5%= 415 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 400 теңге
Аудан ішінде (Биржан 45 км)
Кіріс 1600 теңге (8 адам*200 теңге)
Шығындар: жанар жағар май (барып-қайтқаны) 8 литр*60 теңге=480 теңге
Таза кіріс 1600-480=1120 теңге
Салық сомасы 1120 теңге*5%= 56 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге
Соңғы бекітілген ставка 80 теңге болғандықтан өзгерізсіз қалдырылды.
Жүк тасымалдау ушін жеке жүк автокөлік иелерінен алынатын
бір жолғы талонның құны.
Мысал үшін: «Сайқан» карьерінен Зайсан қаласына көмір тасу.
Жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін:
Табыс: 5 х 3500 = 17500 теңге - сату бағасы.
Шығын: 5 х 1478 = 7390 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге).
200 км жүк автокөлігі 87 литр жанар жағар май жұмсайды (1 литр 58 теңге). яғни 87 х 58
= 5046 теңге.
Таза табыс = 17500 - 7390 - 5046 = 5064 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен 5064 х 5% =253 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 250 теңге.
Жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін:
Табыс: 10 х 3300 = 33000 теңге - сату бағасы.
Шығын: 10 х 1478 = 14780 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге)
200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 10 литр (1 литр 58 теңге ) дизель отынын жұмсайды, яғни 130 х 58 = 7540 теңге.
Таза табыс = 33000 - 14780 - 7540 = 10680 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша 10680 х 5% = 534 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге.
Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары:
Табыс: 15 х 3300 = 49500 теңге - сату бағасы.
Шығын: 15 х 1478 = 22170 теңге карьерден көмірді алу бағасы (1 тоннаға 1478 теңге) 200 км ге жүк автокөлігі 120 литр, қала ішінде 20 литр дизель отынын жұмсайды (1 литр 58 теңге), яғни 140 х 58 = 8120 теңге.
Таза табыс =49500 - 22170 - 8120 = 19210 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасы бойынша
19210 х 5% = 960 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 900 теңге.
Жеке комбайындардын иелерімен
ауылшаруашылықта қызмет көрсету
Комбайын қызметі:
Табыс 1 күнге : 10 га х 2000 теңге (2000 теңге 1 га бағасы) = 20000 теңге - қызмет бағасы. Шығын: (15 л. дизель отыны 1 га) 150 л. х 58 теңге = 8700 теңге (1 л,- 58 теңге).
Таза табыс = 20000 - 8700 = 11300 теңге.
Жеке тұлғаның табысы 5% салық ставкасымен
11300 х 5% =565 теңге.
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 500 теңге
Жеке меншік адамдардың малдарын бағу үшін
берілетін бір жолғы талоның бір күндік құны
Мал бағу
Кіріс: 100 бас * 500 теңге (1 ірі қарға 1 айға - 500 теңге)= 50000 теңге
Шығын:--
Таза табыс 1 күнге 1666 теңге ( 50000 теңге / 30 күнге)
Салық сомасы 1666*5%= 83 теңге
Бір күндік бір жолғы талонның құны - 80 теңге