Перейти к тексту документа

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы

Постановление · № 138 · принят 08.11.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 08.11.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-30528/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы Действует Постановление ·№ 138 ·08.11.2006

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы

ҚАЗКәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы

Действует Постановление ·№ 138 · принят 08.11.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы
Наименование (каз.)
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
138
Дата принятия
08.11.2006
Показанная редакция
08.11.2006 · действующая 30528_374454.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
08.11.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06BO000082
Идентификатор ЭКБ
30528
Идентификатор редакции
30528_374454
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:41

0 Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және жасөспірімдердің құқықтарына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдер жасайтын заңға қайшы келетін іс-қимылдардың жолын кесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Түн мезгілінде: жазғы уақытта сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 22.00-ден танғы сағат 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ата-анасының (қамқоршыларының) ілеспейінше көшеде және ауданның демалыс орындарында (компьютерлік, бильярд клубтарында, мәдениет үйінде, дәмханаларда) болуына шек қойылсын.

2

2. Аудандық білім бөлімі (Б.Ахатова), аудан мектептері оқу орындарының басшылары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» 9-тарауында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» VI бөлімінде көрсетілгендей, оқушы жастар мен ата-аналары (қамқоршылары) арасында түсіндір жұмыстарына іс-шаралар (әңгіме, дәріс) өткізсін.

3 3. Ауыл әкімдері, аудандық Ішкі істер бөліміне (А.Ғали (келісімі бойынша)) осы қаулыда көрсетілгендей, демалыс орындарының қызметіне шектеу қойылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ақкожинаға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы Қорғалжын ауданы әділет басқармасында тіркеуден өткен кейін күшіне енеді.