Перейти к тексту документа

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы

Постановление · № 40 · принят 20.12.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 20.12.2006
https://adilet.kz/ru/laws/doc-31434/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы Действует Постановление ·№ 40 ·20.12.2006

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы

ҚАЗАзаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы

Действует Постановление ·№ 40 · принят 20.12.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы
Наименование (каз.)
Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
40
Дата принятия
20.12.2006
Показанная редакция
20.12.2006 · действующая 31434_251431.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.12.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06VE005550
Идентификатор ЭКБ
31434
Идентификатор редакции
31434_251431
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:25

0 Азаматтардың жеке санаттарына

әлеуметтік төлемдер тағайындау
және оны іске асыру тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңға және «2006 жылға арналған бюджеті туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 тамыз №30-2 шешіміне сәйкес Абай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы Қағидасы бекітілсін.

2 2. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді төлеу туралы комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

З. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Жүнісжановқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Абай ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат депутаты:
Е. Сүлеймен
« 20 » 12 2006 жыл.
Аудандық орталық емхананың
бас дәрігері:
Қ. Битенова
«20 » 12 2006 жыл

4 Аудан әкімдігінің 2006 жылғы

20 желтоқсандағы № 40
қаулысымен бекітілген
«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау
және оны ісісе асыру тәртібі туралы» Қағида

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1 1. Бір жолғы материалдық көмек Абай ауданының аз қамтылған азаматтарына беріледі.

2 2. Бір жолғы материалдық көмек бір адамға бір реттен артық көрсетілмейді.

3

3. Материалдық көмек көрсету жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі-бөлім) жергілікті бюджет қаржысынан, барлық жеке меншік түрлері кәсіпорындарынан және жеке тұлғалардан жәрдем көрсету мен кайырымдылық көмек түрінде ақшалай және табиғи түрінде (тамақ өнімдері, киілетін киімдер, дәрі-дәрмек, үй тұрмысына қажетті заттар) жүзеге асады.

4 4. Бір жолғы материалдық көмекті Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Абай ауданында тұрғылықты тұратын (тіркелімде бар) азаматтар алуға құқылы.

2 2. БІР ЖОЛҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ БӨЛУ ТӘРТІБІ

5 5. Бір жолғы материалдық көмек аса мұқтаж жалғыз тұратын аз қамтылған зейнеткерлерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар азаматтарға, мүгедектерге, жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі.

6 6. Материалдық көмек қайғылы жағдайлар нәтижесінде ауыр материалдық жағдайдағы және аурудың асқынған түрлерінде және басқа да себептермен азаматтарға беріледі.

7 7. Жергілікті бюджет қаржысынан және қайрымдылық қаржыларынан материалдық көмек ауданның аз қамтылған азаматтарына қоғамдық ұйымдардың, еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің ұсынуымен беріледі.

8 8. Бір жолғы материалдық көмек келесі құжаттарды табыс еткенде бөлінеді:

1 1) материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш;

2 2) төлқұжат немесе жеке басының куэлігі;

4 4) тұратын жерінен анықтама;

5 5) азаматтың материалдық көмекті қажет ететіндігін анықтайтын басқа да құжаттар (қайғылы жағдай туралы құжаттар, ауырғаны туралы медициналық анықтама, басқа да құжаттар).

9 9. Әр өтініш-көмек сұраған азаматтардың үйіне барып, оған сол аумақта тұратын өзін-өзі басқару комитетінің өкілдерінің қатысуымен қаралады.

Тексеру нәтижесінде комиссияға ұсыну үшін жанұяның әлеуметтік картасы жасалады.

10 10. Комиссияның қандай да болмасын көмек түрін (ақшалай немесе табиғи түрде) көрсету жөніндегі шешім қабылдауға құқығы бар.

3 3. БІР ЖОЛҒЫ МЕТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

11 11. Бір жолғы материалдық көмек жергілікті бюджет есебінен көмек сұраған «Қазпошта» бөлімшесі арқылы азаматтардың жеке есепшотына қаржыны аудару жолымен төленеді.

12 12. Көмек сұраған азаматтың ұзақ уақыт бойы келмеген жағдайында (3 ай мерзімде) комиссия материалдық көмек көрсету жөніндегі мәселені қайта қарау, ол ақшаны басқа адамдарға қайта бөліуге құқылы.

4 4. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

13 13. Абай ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті төлеуге жауапкершілік бөлімінің бас маманы-бухгалтеріне жүктеледі.

14 14. Абай ауданының аса мұқтаж азаматтарына бір жолғы материалдық көмекті көрсетуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануына бақылау жасауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Аудан экімі аппаратының басшысы:
М. БЕЛІБАЕВ

27 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер тағайындау және оны іске асыру тәртібі туралы» комиссияның құрамы

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
20 желтоқсандағы № 40
қаулысына қосымша
«Азаматтардың жеке санаттарына
әлеуметтік төлемдер тағайындау
және оны іске асыру тәртібі туралы»
комиссияның құрамы
Сүлеймен Ержан
Әшімұлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Қуанышбай Ғалым
Айдарханұлы - Аудандық мәслихат депутаты (өз келісімімен);
Татиева Сағдат Әбікенқызы - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
Асқатов Айдар
Асқатүлы - Ауданның қаржы бөлімінің бастығы;
Екібаев Жақсыкелді Жиенбайұлы - Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы;
Дүрмекбай Қайырғазы Нұрлыбекұлы - Ауданның білім бөлімінің бастығы;
Битенова Қазима Қажмұхамбетқызы - Аудандық орталық емхананың бас дәрігері (өз келісімімен).
Аудан әкімі аппаратының басшысы:
М. БЕЛІБАЕВ