Перейти к тексту документа

Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы

Постановление · № 52 · принят 22.02.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 22.02.2007
https://adilet.kz/ru/laws/doc-32344/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы Утратил силу Постановление ·№ 52 ·22.02.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы

ҚАЗЖеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы

Утратил силу Постановление ·№ 52 · принят 22.02.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы
Наименование (каз.)
Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
52
Дата принятия
22.02.2007
Показанная редакция
22.02.2007 · действующая 32344_312811.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
22.02.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07ZG000047
Идентификатор ЭКБ
32344
Идентификатор редакции
32344_312811
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:02

0 Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оған теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі бекітілсін. (№1 қосымша)

2 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі бекітілсін. (№2 қосымша)

3 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау жөнінде аудандық комиссия құрамы бекітілсін. (№3 қосымша)

4 4. Әлеуметтік көмекке өтініштерді алу және төлеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Е.П.Чирова) жүктелсін.

5 Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 22 ақпан
№ 52 қаулысына
№ 1 қосымша бекітілген
Жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көлемі мен түрлері тізбесі

1 1. Аз қамтылған отбасылар, жалғыз тұратын мүгедектер мен зейнеткерлер, құрамында екі және одан да көп мүгедектері бар отбасыларға 10-нан 25-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шұғыл және ойда болмаған мұқтаждықтарға біржолғы материалдық көмек;

2 2. Өрт және басқа да табиғи апаттардың салдарынан болған шығындарды өтеуге азаматтарға 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы материалдық көмек;

3 3. 9 Мамыр-Жеңіс күнінен біржолғы төлемдер:

-Ұлы Отан соғысы (ҰОС) қатысушылары мен мүгедектеріне 10000 теңге көлемінде;
-ҰОС-нда қаза болғандардың жесірлеріне 5000 теңге көлемінде,
-қайтыс болған ҰОС-на қатысушылары мен мүгедектерінің әйелдеріне 3000 теңге көлемінде;
-Ленинград қоршауында болғандарға 10000 теңге көлемінде,
-соңғы әскери шақырудың әскери қызметшілеріне 5000 теңге көлемінде;
-тыл еңбеккерлеріне 3000 теңге көлемінде;
-Бұрындары дербес зейнеткер болып табылғандарға, бейбіт уақытта қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына, Ленинград қоршауында болғандарға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы материалдық көмек;
-1926-27 жылдары туылған соңғы әскери шақыруға іліккендерге, ҰОС жылдары тылда мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССРО-ның ордендері және медальдарымен наградталғандарға 2,9 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы материалдық көмек.

9 Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 22 ақпан
№ 52 қаулысына
№ 2 қосымша бекітілген
Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 1. Өтініш;

2 2. Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3 3. Үй кітабының көшірмесі (отбасы құрамы туралы тұрғылықты жерінен анықтама)

4 4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірінің (СТН) көшірмесі;

5 5. Өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет;

6 6. Жұмыссыздар жұмыспен қамту органы өкілдігінде тіркелу туралы анықтама тапсырады;

7 7. Қосалқы шаруашылығы мен үй жанындағы учаскесі бар болуы туралы мәлімет.

8 8. Дәрігерлік консультативтік комиссия (ВКК) қорытындысы немесе емделу, операция жасату қажеттілігі туралы емдеу мекемесінің анықтамасы;

9 9. Материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;

10 10. Өрт және дүлей зілзала салдарынан үйіне және мүлкіне залал келтірілген шығындар актісі.

11 11. Үйдің апаттылығы туралы акт (үй жөндеуге)

12 12. Әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысы.

13 13. «Қазпошта» АҚ-ның аудандық бөлімшесіндегі есеп шот нөмірі.

9 Мамыр күніне біржолғы төлем МЗТО-ның (мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы) аудандық бөлімшесімен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне берілетін тізім негізінде өтініш берусіз жүргізіледі.

23 Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі аудандық комиссия құрамы

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 22 ақпан
№ 52 қаулысына
№3 қосымша бекітілген
Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі аудандық комиссия құрамы
Шохина Вера Кузьминична - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы
Чирова Елена Петровна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрайымының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Айтқалиева Сандұғаш Сайынқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі;
Ниязалиев Жолдыбай Жүсіпұлы - аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы;
Өтешев Мәлік Сейсенбайұлы - аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі;
Комиссия хатшысы:
Долина Валентина Яковлевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы