Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
ҚАЗЭротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
- Наименование (каз.)
- Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 121
- Дата принятия
- 18.05.2007
- Показанная редакция
- 18.05.2007 · действующая 33372_321138.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 18.05.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07TE000073
- Идентификатор ЭКБ
- 33372
- Идентификатор редакции
- 33372_321138
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:38
0 Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағына сәйкес, эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуды тәртіпке келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі бекітілсін.
2 2. Округ әкімдері эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын сатуға арналған арнайы бөлінген тұрақты үй-жайлар белгілесін.
3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Базарбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Аудан әкімінің 2007 жылғы
«18» мамырдағы №121
қаулысымен бекітілген
Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайты мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сату Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 14 бабының 2 тармағы негізінде әзірленген және эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспа басылымдарын тұрақты үй-жайларда бөлшек саудада сатуды тәртіпке келтіруге бағытталған.