Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗШаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Наименование (каз.)
- Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 84
- Дата принятия
- 24.05.2007
- Показанная редакция
- 24.05.2007 · действующая 33693_324635.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.05.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZL000046
- Идентификатор ЭКБ
- 33693
- Идентификатор редакции
- 33693_324635
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:36
0 Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде ірі қара арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шаған селолық округіндегі Погромное елді мекеніндегі Агрофирма «Ақас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және Сатым елді мекенінде ірі қара малдар арасында бруцеллез (сарып) ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
1 1) округтер арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
2 2) аурудан таза емес округтер аумағынан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге;
3 3) бруцеллезбен (сарып) ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға, көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулауды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде етке союға өткізсін.
3 3. Аудандық ішкі істер бөліміне (Қ.Х.Құрматов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Теректі ауданының аумақтық
басқармасының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы малдарының қозғалысын қадағалауды күшейту ұсынылсын.