Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
ҚАЗМұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
- Наименование (каз.)
- Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 2/29
- Дата принятия
- 11.10.2007
- Показанная редакция
- 11.10.2007 · действующая 35880_477452.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 11.10.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07M0001988
- Идентификатор ЭКБ
- 35880
- Идентификатор редакции
- 35880_477452
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:00
0 Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 311-бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасыңдағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстаудың ережесі» бекітілсін.
2 2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі втомобиль жолдары
бөлімі мекемесінің бастығы Қ.Чаркатбаева
10.10.2007 жыл
3 Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 11 қазандағы
№ 2/29 шешімімен бекітілген
Мұнайлы ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
ЕРЕЖЕСІ
1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1 1. Осы ереже Мұнайлы ауданы аумағындағы иті мен мысығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға таралады.
2 2. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1)ит - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан ит тұқымдасына жататын кез- келген жануарлар;
2 2)мысық - көлемі, түсі және өзге де белгілеріне қарамастан мысық тұқымдасына жататын кез-келген жануарлар;
3 3)ит пен мысиқтың иесі - жеке немесе басқа да иелігінде иті немесе мысығы бар жеке немесе заңды тұлға.
3
3. Байлауда қалдырып кеткендерден басқа, қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, тынымбақтарда және өзге де орындарда) иелерінсіз жүрген иттер мен мысықтар қаңғыбастар деп саналып, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелердің міндетті аулауына жатады. Қаңғыбас жануарларды кез-келген тәсілмен өлтіруге, оларға аулау кезінде зақым келтіруге тыйым салынады.
Үш күннің ішінде иттер мен мысықтардың иелері қаңғыбас жануарларды аулау бойынша мамандандырылған мекемелерге немесе ішкі істер органдарына хабарласуына болады.